Ілияс Есенберлин
(1915- 1983)
Прозашы, ақын.
***
Анасыз бала болмайды.
***
Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі- бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу.
***
Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу- ол үлкен жүректі алыптардың ісі. Ал жеке біреуді жақсы көру, сол үшін барыңды аямау- бәріміздің де қолымыздан келетін ерлік.
***
Мен адамдарды құрмет тұтам. Бірақ олардың Американы немесе бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқандықтан,немесе ғарышқа ұшуымен емес, тек таза көңілмен сүйе білу және жақсылық жасап, әділ бола білу, біреудің қайғысын бөлісе білуіне қарап. Өйткені адамды адам ететін және мәңгілік ететін біріншісі емес, екіншісі.- Әйтпесе, бәрі де апат болар еді..