ӘЛІМБЕТОВ Сапарғали

ӘЛІМБЕТОВ Сапарғали (1888, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, бұрынғы Шамака. — 10.10.1956, Семей қаласы) — айтыс ақыны. Ескіше сауат ашқан. 1941 жылы халық ақындары Төлеу Көбдіков, Нұрлыбек Баймұратовпен бірге Семей облысының шалғайдағы аудандарында үгіт бригадасын ұйымдастырып, өлең, жырларымен халыққа жігер береді. Түрлі айтыстарға қатысып, Есенсары Құнанбаевпен, Маясар Жапақовпен, Қалқа Жапсарбаевпен, Қуат Терібаевпен, Мағжан Орынбаевпен айтысқан. Әлімбетовтің ақындық, айтыскерлік жолға түсуіне Iлияс Жансүгіров ықпал еткен. Оның толғаулары облыстық, республикалық газеттерде жарияланған. «Мейір батыр», «Молдабай палуан», «Қамбадағы айқас», «Қос жалшының өлімі», «Ақтардың әрекеті». «Қойгелді батыр» тарихи дастандарының авторы. «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Құрмет» грамотасымен, көптеген медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *