Назым Хикмет
(1902-1963) Жазушы, түрік поэзиясына жаңа ырғақ, еркін өлең түрін енгізген ақын,қоғам қайраткері. Түрік революциялық поэзиясының негізін салушы.
***
Жастық- арман. Бұл- сенім. Бұл –ерлікке құштарлық. Бұл-әрі лирика, әрі романтика. Бұл- болашақ жөніндегі үлкен- үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы.
***
Өлмесім хақ мәңгілік
Мынау нұрлы дүниеде
Туған халқым болса аман.
***
Түн ұйқымды төрт бөлдім, Күндіз тыным таппадым.
Бөгде сөзбен көңілімді алаңдатпа, аяулым, Бір өзіңе іңкәрлықтан
Мұршам болмай жатқаны.
***
Ең абзалы, бауырым,
Кеудеңдегі жүрек деген асылды Тот баспасын.
***
Өлім- хақ па?!
Өмір де- хақ болсын онда!
***
Әлемдегі сұлу теңіз- біз жетпеген теңіз ғой, Бұл жалғанда бала тәтті- табиғатпен егіз ғой.
Ең жақсысы- келешекте қауышатын жылдарым,
Ең асыл сөз- саған айтар, Айтылмаған сырларым.
***
Таң кешеуілдеп,
Түнек салтанат құрса да,
Күреске бел бу-
Қара аспан төніп тұрса да!
***
Өмір сүрем жердің бетінде, халық ішінде, адамдардың бағыүшін.