Сұлтанмахмұт Торыайғыров
(1893-1920)
Қазақтың ақыны, ағартушы-демократы.
***
Мен-қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім- қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын.
***
Бұл күнде адал еңбекпен байи қою қиын.
***
Адамның ең ұлы қасиеті- бақытты болуға талпыну.
***
Әркімніңәр іске қабілеті болады.
***
Адамға аса қымбат балалық шақ,
Ойға кіріп шықпайтын сор менен бақ.
***
Бала жанына ойын азық.
***
Байлықтың пейілі тар: адам баласын алалайды.
*** Ел болудың бірінші тірегі – білім.
***
Берген бұзады.
***
Тар кеуде, шымшық басқа ақыл қонбас.
Ар сатып, ырыс жинама.
***
Дүние жеу, жегізу майдан екен.
***
Не шара соқыр болса көңіл көзі.
***
Ар азығы дегеніміз- әділдік.
***
Адамды бақытты қылатын- ар азығының ер жетуі.
***
Ар азығынсыз, құр өнердің өсуімен басқалардың бақытты бола алмағаны секілді,қазақ та бақытты бола алмайды.
***
Біздің қазақ- әнқұмар халық.
***
Барлық адам баласы өзіндей көрсе өзгені
Озбырлықтың өшіп қарасы, өзімшілдіктің өлгені.
*** Сөз қадірін білмесең, өлең оқып не керек.
***
Кінә іздеген кінәмшіл.
***
Қаныпезер адам өлтіреді,
Күншілдер жүректі өлтіреді.
***
Абырой –ынтымақ, бірлік бар жерде ғана жүреді.
***
Ақ көңілге қара күйе жұқпайды.
*** Өмір-қысқа, бейнеті –көп.
***
Мың жыл ғұмыр кешсең де, арман деген таусылмайды.
***
Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма, Оны жасырар адамның күщі бар ма. Біреу-күй, біреу –пішін, біреу- сөзбен, Көрсетпейтін жүректің іші бар ма.
***
Жүрек-тірліктегі тілек ұясы.
***
Ер еңбегі елге ортақ.
***
Арманың болсын, арманға қоса дәрменің болсын.