Ахмет Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынов

(1873-1938) Қазақты ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

 

***

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

***

Сөздің ең ұлысы – тарих.

*** Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!

*** Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.

 

***

Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.

***

Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.

***

Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

*** Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!

*** Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.

***

Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!

***

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

***

Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

***

Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.

***

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

***

Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер          заман.

*** Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.

***

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.

***

Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.

***

Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.

*** Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек.

***

Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.

***

Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді.

***

Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.

***

Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.

***

Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.

*** Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.

***

Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!

***

Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *