ХVІІІ-ХХғғ.Әлем ақындары афоризмдері
Мұхамеджан Сералин
(1872-1929)
Жазушы, ақын, публицист, журналист
***
Біз басқа халықтардан артта қалмауымыз керек.
***
Қазақ жастары профессорлық лауазым туралы да ойлануы керек.
***
Халықтың қай дәрежеже алға кеткендігі- халық арасындатаралған газет- журнал һәм кітаптардан білінеді…
***
Заман- ғылым заманы болған соң әрбір жұрт қатарынан кейін қалмас үшін ақша аямай кітап, газетһәм журнал бастырып халыққа тарату (керек).
***
Бізден басқа халық қазіргі күнде жұрт үшін не нәрсе пайда, не нәрсе зарар екендігін түсініп, зарардан құтылуға, пайданы табуға талпынып жатыр…
***
Қай жұрттың болса да ең үлкен қорғаушысы баспасөз.
***
Жұрттың пайдасын кездестіретін, жұртқа жол көрсететін,жұртты болашақ күнін болжауға тырыстыратын- баспасөз.
***
Заман жаңаға айналды. Не істесең де, не жазсаң да, барлығына тірі дәлел керек.
***
Басшы болып қатарға енгіземіз дегендер алдыменен баспасөз арқылы білімін, өнерін таратсын…