ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ – организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайыра- ды. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сырт- қы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалар- дан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы бо- лады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өнебойына орналасқан. Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкелерінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатады.

Жануарлар мен адамдардың психи- калық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы эксперимент- ті зерттеулер арқылы ғылымда жан- жақты, толық дәлелденген. Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орна- ласуы көп қатарлы үйдің құрылысы- на ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жо- ғарғысы төменгісінен құрылысы жө- нінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келеді.

Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі – жұлын (жуандығы 1 санти- метрдей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағын- да сұр зат орналасқан. Мұның көл- денең кесіндісінің пішіні көбелектің бейнесіне ұқсайды. Сұр зат ней- рондардың ұзын бұтақтарынан тұ- ратын ақ затпен қоршалған. Жұ- лыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды, олардың бір тобы – ортаға тебетін, екінші бір тобы – шетке тебетін жүйке деп аталады. Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т.б.) жұмысын басқаратын орталық болып табылады.

Мәселен, жаңа туған нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлын- ның шартсыз рефлекстері, олар орга- низмге туысынан тән болады. Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі – ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрай- ды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқа- лы жануарлардың өмірінде ерекше рөл атқарады.

Сопақша ми – жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша ми- дың қызметі. Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапы- рағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз реф- лекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұ- лардан жоғарырақ орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын ті- тіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталықта- ры бар. Аралық ми көру төмпешік- терінен және төмпешік асты аймағы- нан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторла- рын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі – аффе- ренттік талшықтардың жиынтығы болып табылады. Мидағы осы орта- лық, оның төменгі бөліктеріне (жұ- лын т.б.) басшылық ету процестері- нің жұмысын реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульс- терді іріктеп, електен өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энер- гиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не басқару пульті деуге болады. Ретикулярлық формацияға миды қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұру жағы жүктелген. Мәселен, адам күрделі ой әрекетімен айналысқанда оның миына біраз энергия қажет болады. Мұндайда мидың осы бө- лігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш жүйке орталығы эмоция, ерік процестерін басқаруда, сондай- ақ адамды ширатып, зейінін арттыра түсуде елеулі рөл атқарады. Егер осы айтылған ми бағанасының құрамда- ры эволюциялық дамудың төменгі сатысында тұрған жануарлардың психикасы үшін елеулі орын алатын болса, жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдардың өмірінде негізгі рөлді ми қабығы атқарады. Денеде болатын барлық құбылыстарды өз қарамағында ұстайтын ми қабығы адамдарда ерекше жетілген.

Адам миының күрделілігі, оның кө- лемі мен ішкі құрылысынан жақсы байқалады. Жоғары сатыдағы жануар- лар мен адам миының денеге байла- нысты арасалмағы мына төмендегі- дей: Кит 1/20000, Піл 1/500, Жылқы 1/400, Ит 1/250, Маймыл 1/100, Адам 1/46. Ми сыңарлары екі бөліктен (оң жақ және сол жақ сыңар деп ата- латын) тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80 процентіне тең. Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталынады. Ол қалыңды- ғы 3-4 миллиметрлік бірнеше қабат- тардан тұрады.

Бұл қабаттардың клеткалары типі мен қызметіне қарай бір-бірінен өзге- ше болып келеді. Осы клеткалардан тарайтын жүйке талшықтары оларды сезім мүшелерімен, бүкіл денемен,сондағы барлық клеткалармен байла- ныстырады. Ми қабығындағы осын- дай жүйке клеткаларының саны 15 миллиардқа жуық деп есептелінеді. Ми қабығы төрт бөлімге бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке және са- май деп аталынады. Ми қабығы бі- рыңғай тұтас мүше, ол бейне қабыл- дағыш аспап тәрізді, көптеген анали- заторлардың (талдағыштардың) яд- росынан тұрады.

Мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т.б. анализаторлардың жүйке орталықтары бар. Мәселен, мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозға- лыс орталықтары орналасқан. Осын- дай орталықтардың саны 200-ге жуық. Бұлардың мидағы орны бір жерге шектелмеген, жүйке жасуша- лары (клеткалары) мидың басқа бө- ліктеріне де таралып кетіп жатады. Ми қабығының дамуы еңбек процесімен қатар жүріп отырған. Оның дамуы адамның сезім мүшелерінің, әсіресе, заттарды сипай сезу арқылы таныта- тын қолдың дамуына үлкен әсер ет- кен. Адамның жүйелі-дыбыстар шы- ғаратын дауыс аппаратының (тамақ- тан, тілден, таңдай мен еріннің бұл- шық еттерінен келетін тітіркендіргіш- терді қабылдайтын клеткалар), есту мүшесі мен көзінің ерекше дамуы да ми дамуының нәтижесі. Расында да табиғат жасаған кереметтердің есе- бі жоқ.

Ми солардың ішіндегі ең бір теңдесі жоқ түрі. Оның әлде де ашылмаған көптеген құпия сырлары бар. Мәсе- лен, мида бір ойдан кейін екінші ойдың қалайша пайда болатындығы, өлең шумақтарының қалайша есте қалатындығы, яғни осындай жағдайларда қандай нейрондардың жұмыс- қа түсетіндігі ғылымға онша мәлім емес. Дегенмен ғылым бұл салада да біраз жетістіктерге жетті. Ғалымдар қазір де арнаулы құрал арқылы ми- дың кез келген бөліктерімен байла- ныса алады, түрлі психикалық құбы- лыстарға сәйкес келетін «тірі» электр импульстерін тіркейді. Мидағы жүй- ке талшықтарының жаны да «сірі- ден» берік. Өйткені, егер бір тал сы- мы істен шыққан радио-приемник жұмысын дереу тоқтататын болса, жүздеген, мыңдаған жүйке клеткала- ры зақымданған ми өз жұмысын одан ары жалғастыра береді. Зақым- данған нейрондар да қалпына келіп екен. Мәселен, адам қатты ашулан- ған кезде, жүйке «клеткаларының бірқалыпты жұмысы бұзыла бастайды да, оның кейбір нейрондары істен шығады. Ауруға шалдыққан бөлімнің әуелі жан-жағындағы клеткалар жо- йылып, артынан өзгеріс орта шеніне қарай ауысады. Адамдар түрлі пси- хикалық ауруларға шалдыққанда оның нейрондарымен синапстары- ның (жүйке талшықтарының клет- каларға ұштасқан жуандау жері) кейбір бөлімдері бұзылады да, кейін бұл жүйке клеткалары өзгеріске тү- сетін көрінеді.

Мида әлсіз электр токтары (биоток- тар) жұмыс істейтіндігі ғылымға көп- теп мәлім. Биотоктардың мидағы жү- ріс-тұрыс, өрісін осциллограф дейтін аспап арқылы зерттейді. Мәселен, оны электродпен жалғастырып адам- ның басына кигізгенде, биотоктар ирек сызық түрінде қағазға түседі. Осындай жазылымды мидың элек- троэнцефалограммасы дейді. Биотоктардың бірнеше ритмдері (тол- қындары) ажыратылады.

Мәселен, мида секундына 9-12 жиі- лік шамасында өрістейтін «альфа толқын» (мидың дем алыс, тыныш жағдайын көрсететін ритм), секун- дына 3-5 жиілікпен өтетін «дельта- толқын» (ұйқы кезіндегі ми қызметі- нің ритмі), секундына 13-20 жиілік- те болатын «бета – толқын» (күрделі ой жұмысы жағдайындағы ми қыз- меті) өріс алып отыратындығы анық- талған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *