ЖҰҒУ (әлеуметтік психологияда) – эмоциялық күйдің бір индивидтен екіншісіне берілу процесі; мағына- лық әсердің өзінен не оған қосымша берілуден басқа, байланыстың пси- хофизиологиялық деңгейде берілуі. Әр түрлі ырықтылық дәрежесінде болуы мүмкін. Кері байланыс болған- дай жағдайда жұғу циркулярлық реакция түріне түсіп, өзара индук- ция күшімен ұлғая алады. Мұндай реакция әсерлі бұқаралық акциялар, шешендердің сөйлеуін, өнер туынды- ларын жұртшылықтың қабылдауы және т.б. кезінде болады және қайсы- бір оңтайлы қарқындылықтан асып кеткенге дейін қосымша топтастыру- шы фактор болып қызмет етеді. Алай- да бақылаудан шығып кеткен екі жақты жұғу ресми және бейресми нормативтік-рөлдік құрылымдардың ыдырауына және ұйымдасқан түрде өзара әрекеттесуші топтың қайсыбір түрдегі тобырға айналуына апарып соғады.