ЖҰЛЫН – орталық жүйке жүйесі- нің төменгі бөліміне орналасқан (жуандығы бір сантиметірдей) омырт- қа қуысының ішінде орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан. Мұның көлденең кесін- дісінің пішіні көбелектің бейнесіне ұқсайды. Сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қор- шалған. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды, олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы – шетке тебетін жүйке деп аталады. Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қа- рапайым қозғалыстарымыздың (аяқ- қолды бүгу, керіп-созу т.б.) жұмысын басқаратын орталық болып табыла- ды. Мәселен, жаңа туылған нәресте емуге әрекеттенеді де, аузына сүт барғанда, оның сілекейі бөлінеді. Мұ- ның бәрі жұлынның шартсыз реф- лекстері, олар ағзада туылысынан беріледі.