ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗАҢДАРЫ – И.П.Павлов ми қабығында жүріп отыратын қозу жә- не тежелу процестерінің ішкі заңды- лықтарын ашты. Ол осы процестер- дің алғаш пайда болған жерінен жа- йылатынын (иррадиация), кейін бір жерге шоғырланатынын (концен- трация) эксперименттік зерттеулер арқылы дәлелдеді. Иррадиация құ- былысы шартты рефлекстердің мида жайылып, оның әлі берік жасалмаған кезінде көрінеді. Мысалы, бала әліп- пеге үйрену кезеңінде «ы», «і» әріп- терін айыра алмай қиналады, мұның себебі алғашқы кезде қозу процесі- нің бір орында тұрмай, жан-жаққа жайылуында болып отыр.
Ми қабығында қозу мен тежелудің бір жерге жинақталып, шоғырлануы да (концентрация) үнемі болып оты- рады. Бірақ ол баяулау пайда болып, едәуір жүйке күшін қажет етеді. Мы- салы, жаңағы айтылған «ы», «і» әріп- терінің таңбасын, олардың естілу ерекшеліктерін бала бірнеше рет қайталағаннан кейін ғана шатастыр- май танитын болады. Қозу мен тежелу процестерінің жайылу және шоғырлану заңы организм өмірінде аса маңызды биологиялық рөл ат- қарады. Мысалы, тежелу процесінің бірқалыпты жайылуы, көп жағдай- ларда ми сыңарлары қабығының клеткаларын мөлшерден тыс қажып кетуден сақтайды. Мәселен, ұйқы – бұл мидың барлық алабына тежелу- дің жайылуы.
И.П.Павлов ұйқыны қорғаныс теже- луі деп атағанда, оны ми қабығын қажудан сақтайтын негізгі фактор- лардың бірі деп есептеген. Қозу мен тежелудің ішкі заңдылықтарының бірі – өзара индукция заңы. Бұл заң бойынша: егер мидың бір алабында қозу процесі туса, басқа бір алабын- да міндетті түрде тежелу процесі туады, керісінше, тежелу процесі бол- ған жерде оған қарама-қарсы процесс – қозу пайда болады. Мидың бір ала- бында қозу тежелу процесімен қор- шалатын болса, бұл құбылысты теріс индукция дейді. Мысалы, адам бір нәрсе туралы барлық ынтасын салып ойланған кезде өзінің айналасында не болып жатқанын байқамайды.
Бұл біздің миымызда теріс индукция, яғни күшті қозу процесінің болып отырғандығын көрсетеді. Екінші бір жағдайда ми қабығының бір алабын- да пайда болған тежелу айнала- сындағы алаптарда қозу процесін тудырады. Бұл құбылыс оң индук- ция деп аталынады. Оң және теріс индукциялар бір мезгілде пайда бол- са, бір мезгілдік индукция, бірінен ке- йін бірі пайда болса, бір ізділік ин- дукциясы деп аталынады. Қозу мен тежелу процестерінің заңды байла- нысының арқасында біздің барлық іс-әрекетіміз, саналы тіршілігіміз бір қалыпта жүзеге асып отырады да, ми сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын дұрыс бейнелейтін болады.