ЖЕК КӨРУ

ЖЕК КӨРУ – тілімізде жеккөрініш- ті, жексұрын, сүйкімсіз дейтін атау- лармен қолданыла береді. Ж.к. сүй- кімсіз, мінез-құлқы мен іс-әрекеті жа- ғымсыз адамға қатысты білдіретін көңіл күйі. Ж.к. негізінен, адамның оғаш қылықтарын, дөрекі мінезі мен жүріс-тұрысының да жексұрын қи- мыл-қозғалыстарын білдіреді. Ж.к. адамның ұнамсыз, тартымсыз, қы- лықсыз, жағымсыз түр-сипатынан, іс- қимылынан, сөйлеген сөзінен, өзге адамдармен жағымсыз қарым-қаты- насынан да көрініп тұрады да ма- ңындағылардың ж.к. сезімін тудырады. Ж.к. адамның өзге адамдарға деген көніл күйінің қатынасын білдіретін сезімі. Ж.к. сезімінің туындауы ең ал- дымен жеке басындағы кісілік қасиет- терінің жоқтығы; екіншіден, маңын- дағы адамдарға жағымсыз мінез- құлқының ұнамсыз жақтарымен көз- ге көрінуі; үшіншіден, өз басының әлеуметтік орны мен азаматтық бо- рышына немқұрайды қарап, қарым- қатынас жасаудағы жағымсыз, оғаш әрекеттеріне байланысты болып оты- рады. Ж.к. сәбилер мен бүлдіршін- дердің өмірінен айқын байқалып отырады. Ойын үстінде балалар бірі- не-бірі дөрекілік жасап, құрбысына әділетсіз әрекет жасаса, оны өзгелері жек көріп, оған жиіркенішті сезіммен қарайтын болады.

Ондай құрбыларымен бірлесіп ой- нағысы келмей тартыншақтық көрсе- теді. Ж.к. мінездің өзіндік ерекшелі- гін білдіретін сезіммен тығыз бай- ланысты психологиялық күй. Ж.к. сезімі адамды дұшпанға, қаскөйлердің жауыздық әрекеті мен дұшпандық іс- әрекетіне деген көзқарасында тұрақ- ты болып келеді. Ж.к. жексұрындық пен сүйкімсіздік адамның жан дүние- сіне қолайсыз әсер етіп, көңіл күйін жабырқатады, мұңаю мен қамығу сезімін оятып ренжітеді. Психология- да адамның өз көңіл күйін билеп, жа- бырқау мен мұңаюдан бойын аулақ ұстауы ерікті әрекеттеріне байланыс- ты деп көрсетеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *