ЖАУЛАСУШЫЛЫҚ

ЖАУЛАСУШЫЛЫҚ – екі адамның бірімен-бірінің, не екі жақтың дұш- пандық, жаулық жағдайда болып қалыптасуы. Ж. екіжақты қастандық әрекет ретінде шабу, шауып алу, жаулап алып бір елдің өзге елді отар- лауы сияқты әрекеттері арқылы жү- зеге асып жатады. Ж. тек екі мем- лекет не екі тайпа арасында ғана емес, сонымен қатар жеке адамдар арасында да болып жататын әрекет. Ж. халықтардың біріне-бірінің айдап салу, өшіктіру, жау етіп, дұшпан етіп көрсету нәтижесінен де байқалады. Осы орайда «Жауластырмақ жаушы- дан, елдестірмек елшіден» дейтін ма- қалда терең ойдың мәнін тұжырым- дап берген.

Ж.-тың өршіген көрінісі жаугерші- лік-соғыс жағдайымен бірімен-бірі қырып-жою әрекеттерімен ұштасып жатады. Ж. жеке адамдар арасында- ғы кереғарлық қатынастан бастап екі мемлекет, екі халық, не қоғамдық саяси-экономикалық қатынастағы ел- дер мен мемлекеттер арасында бо- лып отыратын әлеуметтік жағдай, қоғамдық құбылыс болып саналады. Дүниежүзі халықтарының біздің ға- сырымыздағы жағдайларды келешекте де бейбіт жолмен, ақыл-санамен шешіп отыруды игі мақсат етіп ұстанады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *