ЖАСӨСПІРІМДЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ПСИХОЛОГИЯСЫ – Жасөспірімдер дене бітімінің қалыптасуында кейбір айрықша бай- қалатын анатомиялық – физиология- лық ерекшеліктеріне қарай өтпе дә- уірдің балалары деп те атауға болады. Бізде төртінші сыныптан бастап ба- лаларға жалпы білімнің негіздері оқы- тыла бастайды. Енді бастауыш сы- ныптардағыдай сабақты бір мұғалім бермей, қатарынан бірнеше мұғалім оқытатын болады. Бұл айтылғандар балалардың оқу мотивтеріне әсер етіп, оларды жаңа жағдайға бейімдеуге мәжбүр етеді.

Жасөспірімдік кезеңнің негізгі бір ерекшелігі – жыныс мүшелерінің же- тілуі. Осыған қоса бала организмінің бұл кезеңдегі жеделдетіле өсуі оқу- шының жоғары жүйке қызметіне де тиісінше әсер етеді. Мәселен, өздері- не бұрынғыша бала деп қарағандарға осқырына қарайды, тез әсерленгіш, қозғыш, импульсивті келеді. Бұл от- басы мен мектептің оған жасайтын қарым-қатынасын қиындатады. Оқу- шы басында туындайтын кейбір кө- мескі ойлар да (жыныс мүшелерінің жетілуіне орай) бұған қосымша се- беп болады. Жас жағынан алып қа- рағанда бұлар балалықтан ересектік дәуірге ауысудың аралық кезеңінде тұрады. Жасөспірімдер енді біз бұ- рын санаса бермейтін кішкене бала емес, әйтсе де оның қоғамдағы жағ- дайына қарап, үлкендер оны әлі де бала санайды. Ал бала болса есей- гендігін айтып, өзін жеке адам ре- тінде көрсетуге тырысады, кейде өзімшілдікке салынып, дөрекілік мінез де көрсетіп қояды. Бұлардың «үлкен кісі» болып көрінуі кейде қате, жал- ған жолмен кетуі де мүмкін (мәсе- лен, кейбір осындай балалардың шы- лым тартуы, үлкендермен қарсыла- суы т.б.).

Мектеп пен отбасында жасөспірім- дерге тиянақты тәрбие берілуі тиіс. Олардың ересек болуға ұмтылуын ретті жерде қолдап, кейбір балалық эмоцияларын ар-намыс, абырой, бо- рыш, ұят, жауапкершілік секілді жо- ғары сезімдерге айналдырып отыру керек. Жасөспірімдердің дербестілік- ке ұмтылуын да қолдап, мінез бен ерік сапаларының ұнамды бітісте- рін қалыптастыруға жәрдемдесіп, бұ- ларды құр босқа қиқарлықтан, желөк- пеліктен ажыратып отыру қажет.

Әрбір мұғалім, әсіресе сынып жетек- шілері жасөспірімдердіңжекеерекше- ліктеріне тән бейімділіктеріне қарай оларды түрлі қоғам жұмыстарына тартып, қоғамдық пайдалы еңбекке қызу араластырып отырғаны мақұл. Бұл жастағы балалардың оқу әрекетін еңбекпен дұрыс ұштастыру арқылы ғана оларды еңбексүйгіштікке, тәртіп- тілікке, талапкерлікке, ұжымдыққа т.б. қасиеттерге тәрбиелеуге болады.

Жасөспірімдердің аяқ-қолдарының тездетіле өсуі, бұлшық еттерінің қа- таюы олардың дене еңбегіне құмар- туларын тудырады, яғни бала жалпы еңбек энтузиазымының әсеріне оңай елігіп, ұжым арасында бар ықыла- сымен жұмыс істейді. Осы жаста- ғылардан өз шамасын асыра баға- лайтын, сондай-ақ әркез үлкендермен парапар әрекеттенуге тырысатын жайттарды жиі байқауға болады. М.Горький «Кісі есігінде» атты шығармасында бұл жөнінде былай деген  еді:

«Кейде жеткіншектер ақымақтықпен жігіттік көрсетем деп, ересек адам- дардың күшін күндеп, өздерінің бұл- шық еттері мен сүйектеріне тым ауыр келетін жүктерді көтеруге тырысады және көтереді де… Мен де осылар- дың бәрін өз мағынасында дене күшімен де, рухани да істедім. Сөйтіп тек қана кездейсоқ жағдайлар себеп- ті өлімге соғатын шалдығудан сақ қалып, бүкіл өмір бойына мүгедек боп қалмадым». Жасөспірімдердің іс- әрекет үстінде тез қимылдаймын деп осылайша босқа шаршап қалатын- дықтарын ескеріп отырмаса болмайды. Ортаңғы сынып оқушыларының ара- сында көркем әдебиет, спорт, шах- мат, техникамен шамадан тыс көп әуестенушілік кейде сабақ үлгірімін төмендетуге себепкер болады. Тәр- биешілер, осындай бір жақты шұғыл- данушылыққа жол бермей, оларға ақыл-ой және дене еңбегін қалайша тиімді етіп пайдалануға болатынды- ғын, сондай-ақ қол бос уақытты дұ- рыс пайдалану керектігі жөнінде ақылға қонымды кеңестер айтып оты- руы өте қажет жайт.

Осы жастағы балалардың қызығуы мен әуестенушілігі де күшті болады. Әсіресе олар көркем әдебиетке, сая- си-қоғамдық мәселелерге, саяхат, фан- тастикаға әуес келеді, шытырман оқи- ғаға толы, қиыншылықты жеңуде өзін-өзі тәрбиелеуде түрткі болатын кітаптарды көп оқиды.

Жасөспірімдердің психикалық про- цестері дамып, күрделене түседі. Ой- лауында заттардың себеп-салдарлық байланыстарын ажырататын көрініс- тер, абстрактілі ұғымдар, еске сақ- тауында логикалық-мағыналық принципке негізделген әдістердің болуы, қиялының сан тарапқа шарықтап об- раздарға бай келуі осындай көп оқу, ізденудің, көп нәрсеге әуестенудің салдары болып табылады. Олардың сөйлеу ерекшеліктері мен зейінінде де, ерік сапаларында да сапалық өзге- рістер байқалады.

Жасөспірімдердің ұжымның белсен- ді мүшесі екендігін сезіне бастауы, оның «нағыз өмірге» талаптанатын- дығы, өзін бағалай білушілігі, жұрт пікірімен санаса бастауы оның жеке басының едәуір жетіліп қалғанын көрсетеді. 14-15 жас балалардың ара- сында мамандық таңдау мәселесі жө- нінде байсалды пікірлер айтылады. Бұл мәселенің күн тәртібіне қойы- луы жасөспірімдердің өмірге дұрыс көзқарасы қалыптаса бастағанын аң- ғартады. Олар жалпы білім беретін орта мектепке оқуды жалғастырумен қатар арнаулы мамандық беретін оқу орнына не өндіріске баратындықта- ры туралы көп ойласады, ақыл-кеңес- ке кұлақ түріп отырады. Әрине, бұл жерде ата-аналардың, мұғалімдердің жақсы кеңесі қажет-ақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *