ӘЛІКЕН, Әлиакбер, Шалекен

ӘЛІКЕН, Әлиакбер, Шалекен (т. ж. б. — 1859 жылдан кейін) — хан, Қарабас сұлтанның кіші ұлы, Көшек ханның шөбересі. Қоңыраттарға, Орта жүздің қыпшақ тайпасының бір бөлігіне, Ұлы жүздің сары үйсін тайпасының кейбір руларына билік жүргізген. Хан болып сайланғанға дейін де Түркістан қ. мен Қаратаудың оңт. етегінде көшіп-қонып жүрген қоңыраттарды басқарған. Қоңыраттардың көпшілік рулары 18 ғ-дың соңғы ширегіңде Ә-нің әкесі Қарабасқа, 19 ғ- дың алғашқы он жылында ағасы Тоған ханға қарады. Ә. оңтүстіктегі қазақтардың Қоқан езгісіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы барысында түрлі ру ақсақалдарының ұйғарымымен хан болды (1858, мамыр). Қоқандықтардың өктемдігіне наразы болған қазақтар Түркістан мен оның маңайындағы бекіністерге жиналып, Қоқанның Түркістан қ-ндағы Мырза — Нияз деген бегінің әкетілуін талап етті. Ә. бастаған қазақ жасақтары қаланы қоршауға алды. Түркістанды ала алмағанымен қазақтар Сырдария бойында күресін жалғастыра берді. 1858 ж. тамыз айында 5 мың қарулы жасағымен Ә. Бұхар әмірі Насруллаға (1826 — 60) келіп, Оңт. Қазақстанды Қоқан үстемдігінен азат етуге көмек сұраған. Бірақ Ә-нің бұл әрекеті нәтиже бермеген. Халық қалауымен хан болып сайланған Ә-нің мұнан кейінгі тағдыры белгісіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *