ЖАС ПСИХОЛОГИЯСЫ

ЖАС ПСИХОЛОГИЯСЫ – адам психикасының дамуын және оның жас тұрғысынан әртүрлі кезеңдерде- гі ерекшеліктерін зерттейтін психо- логия саласы. Бала психологиясын, ересек адамның жекелей дамуы пси- хологиясын және геронтолгиялық психологияны (қарттық психология- сын) қамтиды. Бала психологиясын- да жас тұрғысындағы дамуды қа- зіргідей кезең-кезеңге бөлуге сәйкес біршама дербес бөлімдер санатында мектеп жасына дейінгі баланың, кі- ші сыныптардағы балалардың, жет- кіншектердің және т.б. психология- сы сараланады. ХІХ ғасырдың ая- ғына дейін жас тұрғысындағы даму кезеңдеріне тән ерекшеліктер ғалым- дардың назарына іліге қоймады. Атап айтқанда, балаға «кішкентай ересек адам» деп қарау, оның «қалыпты ересек адамнан» ерекшелігі дене кү- шінің толыспағандығында және тә- жірибесінің жеткіліксіздігінде ғана деп білушілік көбірек тарады. Осыған орай, оқыту мен тәрбиелеу жөнінде балалардың даму ерекшелігі ескеріл- мейтін нұсқамалар ұсынылды.

ХІХ ғасырдың аяғында Ч.Дарвин теориясының ықпалымен эволюция- лық идеялар психологияға да тара- ды. Жас психологиясы қалыптаса бастап, ХХ ғасырдың ортасына қа- рай дербес сала болып шықты. Ол жалпы психологиямен тығыз байланыс- та дамыды: психиканың кез келген теориясы психиканың онтогенезде дамуын талдау қажеттігіне тап бо- лып отырды. Жас психологиясының негізгі әдістері – бақылау мен экспе- римент. Зерделенетін объекттің тән ерекшелігі дамудың бастапқы кезең- деріндегі бақылаудың жетекші рөл- де болуын анықтайды. Табиғи экспе- римент балаларға жарамайтын лабо- раториялық эксперименттен едәуір жиі пайдаланылады. Баланың пси- хикасының дамуын зерттеуді көлденең жарма деп аталатын әдіспен жүргізуге болады; мұнда зерттеуші психика- ның қалыптасуының сол сәттегі пси- хологиялық ерекшеліктерін білуді көздейді. Бірнеше мәрте қайталана- тын мұндай жармалар біршама көп сыналушылар туралы мәлімет алуға жағдайлы.

Енді бір жағдайда сол бір сыналу- шының өзін едәуір ұзақ уақыт бойы да (кейде бірнеше жыл) зерттеу жүр- гізіледі, оның психикасындағы өзге- рістер дәйекті түрде тіркеліп отыра- тын бұл әдіс – бойлық зерттеу деп аталады. Адамның психикалық да- муы оқыту мен тәрбиелеу барысын- да жүретіндіктен, жас психология- сының мазмұны педагогикалық пси- хологияның мазмұнымен тығыз ас- тасады, тарихи дамуда олар бір-бірі- нен ажырағысыз. Жас психологиясы мен педагогикалық психологияның нақты бірлігі зерттелетін объекттің ор- тақтығымен байланысты; бұл объект – дамушы және онтогенезде өзгеруші адам. Жас психологиясында ол жа- сына орай дамуының динамикасы мен заңдылықтарында көрінсе, педа- гогикалық психологияда педагогтің мақсаткерлікпен әсер-ықпал етуі про- цесінде оқитын және тәрбиеленетін адам ретінде көрінеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *