ЖАРАМСАҚТЫҚ – адам мінезін- дегі ұнамсыз сипат саналатын жа- ғымсыз қылық. Ж. – біреудің лауа- зымы мен беделіне, үлкендігіне қа- рап жалпылдап, жарамсақтанып көрінуге ұмтылуы. Өзінше жақсы көрі- нуге тырысып жағымпаздану. Ж. ті- лімізде жарамсақ, жарамсақсу, жа- рамсақсы, жарамсақтан, жарамсақ- тану, жарамсақ-тас дейтін кекесіңді түрлері мен бірнеше атаулары бар. Оларды мән-жайына қарай қолда- нулары да әрқилы сипат мағынада болып отырады. Мыс., біреуге жақсы атанып жағымпаздық көрсету – Жа- рамсақтық. Ж. мінез ұнамсыз, жағым- сыз сипаттар деп бағаланғанмен әр- бір адамның даралық мінезін, бо- йында қалыптасқан әдет-дағдылары- мен де санасуды қажет етеді.
Мұндай жайттар адамның даралық психологиялық ерекшеліктері деп бағаланады. Ж. мінездегі ұнамсыз сипаттарға кері қатынаста болатын жарамдылық, жарамды деп аталатын ұнамды, игі қасиеттер де бар. Жа- рамдылық – белді, күшті, баршылық, төзімділікті білдіретін мінез ерекше- ліктері. Қолынан іс келетін, қабілет- ті адамды жарамдылық қасиеті бар деп санаймыз. Жарамсақтықтың қо- лайлылық, ыңғайлылық, өтейтіндік дейтін де бағалы да ұнамды жақта- ры бар.