ЖАНУАР  ИНТЕЛЛЕКТІ

ЖАНУАР  ИНТЕЛЛЕКТІ  – интеллектуалдық мінез-құлық – бұл жануарлардың мінез-құлқының жо- ғары түрі. Ол көбіне маймылдар мен дельфиндерде аңғарылады. Жоғары сатыда дамыған жануарларды (мәсе- лен, маймылдарды, дельфиндерді, иттерді) бақылай отырып, біз кей жағ- дайда олардың «ойлағыштық», «тап- қырлық», «байқағыштық» сияқты қасиеттерін байқаймыз. Жануарлар- дың мінез-құлқында алдына мақсат қою, бір міндетті шешу сияқты іс- әрекеттерді байқауға болады. Одан мынандай сауал туындайды: жануар- лар қарапайым ойлау әрекетіне қа- білетті ме, жануарлар ойлай ала ма? Жануарлардың кейбір ескі іс-әрекеті туралы айта отырып, олардың да іс-әрекеті адамның ойлау үрдістерін еске түсіретіндігін немесе соған жа- қындайтындығын аңғарамыз. Осын- дай іс-әрекеттерді жануарлар соқыр сезіммен орындайды (мәселен, май- мылдардың жаңғақты шағуы).

Соңғы жылдары жануарлардың ой- лауы туралы мәселе әртүрлі май- мылға жүргізілген көптеген экспе- рименталдық зерттеулер көрсекенін- дей, шимпанзе алғашқы абстракция- лық қабілеттерді меңгерген: маймыл- дар қабылданатын заттардың түсін түрінен және көлемінен немесе түрін түсінен және көлемінен ажырата бі- леді. Жоғары сатыдағы жануарлар- дың (маймылдардың) интеллектуал- дық мінез-құлқын бір жүйелі зерттеу белгілі неміс психологы В.Келлер- ден басталды. Мінез-құлықтың осы түрін зерттеу үшін Келлер белгілі мақсатқа жету мүмкін болмаған кез- де маймылды өте қиын жағдайда сынады, өзінің тамағын алуға маймыл айналып баратын жол немесе арна- йы құрал пайдаланды.

Мәселен, маймылды үлкен темір торға орналастырады, қатарына оның қолы жетпейтін қашықтыққа та- мағын қояды. Тек тордың артқы қа- бырғасында орналасқан есік арқылы айналып өтетін жолды пайдаланған- да ғана маймылдың оған қолы жете- ді. Келлердің жүргізген зерттеулері төмендегі жағдайды бақылауға мүм- кіншілік жасады. Алдымен маймыл тамақты алу үшін сәтсіз әрекеттер жасап көрді: аяғын созып та, секіріп те көрді, бірақ ештеңе шықпады, енді ол сәтсіз әрекеттерді тоқтатып, қозғалмай отырып, белгілі бір шешім алғанша тынышталды.Жануарлар міндеттерді интеллек- туалдық тұрғыдан шешуге қалай кел- ді, түсіндіру өте қиын, бұл үрдісті әр- түрлі зерттеулер әралуан түсіндіреді. Кейбіреулер маймылдың мінез-құл- қын адам интеллектісімен жақында- ту мүмкіншілігіне тоқталады, оны шығармашылық көрегендіктің белгі- сі ретінде қарастырады. Австрияның психологі К.Вюлердің түсіндіруін- ше, маймылдардың құралдарды пай- далануы бұрынғы тәжірибенің ауы- суының нәтижесі ретінде көрінеді. Қазіргі зерттеушілердің көзқарасы бойынша, интеллектуалдық мінез- құлықтың негізін жеке заттардың арасындағы күрделі қатынастардың бейнеленуі құрайды. И.П.Павлов маймылдардың мінез-құлқына жүр- гізген бақылаулары бойынша олар- дың  интеллектуалдық мінез-құлқын

«қолмен ойлау» деп атады.

Сонымен, жоғары сатыдағы сүт- қоректілерде және адам тәріздес май- мылдарда интеллектуалдық мінез- құлық ерекше жоғары дамыған. Мә- селен, алма ағашының басындағы алманы көріп, алып жемек болып ұмтылып, секіріп көреді, бірақ қолы жетпейді, содан кейін қасында жат- қан жәшіктерді бірінің үстіне бірін қойып, қолын созып көреді, бірақ алмаға жете алмайды, жерден таяқ алып, жәшіктің үстіне шығып, әрекет жасап көреді, алманы алып жейді, осында маймылдың істеген әрекетте- рі адамның интеллектілік іс-әрекеті- не жуықтайды, оларда көргенін есте сақтау қасиеттерінің бар екендігін аңғаруға болады.

Демек, жануарлардың өте күрделі ортаға бейімделуі олардың қарапа- йым жүйке жүйесі мен арнайы сезім органдарының даралануына, жіктелуіне алып келеді. Осының негізінде қарапайым сенсорлық пси- хика ортаның жекелеген қасиетте- рін бейнелеу қабілеттілігі пайда бо- лады. Жануарлардың жерде өмір сү- руге көшуіне және бас ми қыртысы- ның дамуына байланысты тұтас құ- былыстарды психикалық бейнелеу перцептивтік психика пайда болды. Ақырында, одан әрі өмір сүру жағ- дайының қиындауы өте жетілген қа- былдау органдары мен іс-әрекетке және ерекше жетілген мидың дамуы- на алып келеді, жануарларда заттар мен құбылыстар түрінде оларды сезгіштік қабылдаудың мүмкіншілік- терінің пайда болуына көмектеседі. Сонымен, психиканың дамуы жа- нуарлардың ортаға бейімделуінің қа- жеттілігімен анықталады және пси- хикалық бейнелеу осы бейімделудің барысында қалыптасатын органда- рының қызметі болып табылады. Тіптен басқа түрде ерекше белгіле- рімен сипатталатын психика дамуы- ның жоғары сатысы – адам санасы болып табылады. Адам санасының негізгі айырмашылығы, оның пайда болуы психика дамуын басқаратын заңдардың өзгеруімен байланысты. Егер де жануарлар дүниесінің бүкіл даму тарихында психика дамуының бағынған ортақ заңдары – биология- лық эволюция заңдары болды, ал адам психикасының дамуы қоғамдық тарихи даму заңдарына бағынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *