ЖАНСЕБІЛДІК – адам мінезінің, ерік-жігерінің итжандылық, көн- бестілік, төзімділік қасиеттері. Қа- зақ халқы бірнеше ғасыр бойы үс- темдік еткен өктемшіл жүйе мен өзге халықтың ықпалында болып, отаршылдық саясатқа көнбістілікпен шыдап келді. Әр алуан қысым жа- сауға, кемсітушілікке шыдап бақты. Әлеуметтік өмірдің заңы мен қағида- сы сондай екен деген сенімде болды. Ж. қаншалықты ұнамды әрі жағым- ды мінез қасиеті болғанымен, сырт тараптан әділетсіздік пен қысым көрсетілген жағдайға қарсы серпіліс туғызатыны табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады. «Өтірік қанша жансебіл болса да, өсіп- өр- кендейтін тек шындық қана» деп сол шындық күресінің ұранын көтерді. Ж. мінездің ерекше қасиеті ретінде ерік-жігер деп аталатын психикалық үрдістермен тығыз байланысты түр- де дамиды. Осы орайда «Ерік – мінез жотасы» деген мәтел қалыптасқан. Ж. мінез бен ерікті әрекеттің қасиеті ретінде адамда туа пайда болатын жоғары жүйке қызметінің типтерін білдіретін темпераменттің флегматик түрімен төркіндес екенін атап көрсе- ту орынды болмақ.