ЖАН ТАЛДАУ

ЖАН ТАЛДАУ – психология ғы- лымында бұл ұғым психоанализ деп те аталады. Психоанализ гректің псю- хэ – жан. анализ – талдау деген екі сөзінен құрылған. Қазақша мағынасы жан талдау дегенді білдіреді. Ж.т. – адамның саналы түрде мән-мағынасын нақты сөздермен жеткізуге келмей- тін ниеттілігі мен қажеттілігі. Ондай тілектерді қанағаттандыруда адам өзінің іс-әрекетінде туа біткен екі түрлі инстинкттен тұқым қалдыру (жыныстық ләззат) және өмірді жалғастырудан (өлімнен қорқу) құ- ралады деген ой түйеді. Ж.т. бағы- тының негізін салушы австриялық психиатр З.Фрейд (1856-1939). Фрейд адамның санасыз әрекеті (жыныстық еліктеу) XX ғасырдың жиырмасын- шы жылдарынан бастап кеңінен та- рады. Бұл бағыт бойынша мінез-құ- лықтың түпкі себебін санасыздық әрекетке – психиканы талдауға әкеп тіреді.

Осы негізге сүйене отырып, адам- ның дамуын әлеуметтік жағдайлар- дан толық бөліп алып қарастырады да, санасыздықты, биологиялық не- гізді алға тартады. Фрейд негіздеген психоанализ теориясының мәні – адамның әлеуметтік өміріндегі рөлі мен тіршілік еткен ортаның негізгі факторларының бірі екендігін жоққа шығарады. Фрейдшілдер жыныстық қатынас пен өлім үрейін алға тартып, адамдардың қоғамдық өмірдегі іс- әрекеттерін тұншықтырып тастайды. Сөйтіп, санасыз қылықтарға аса мән береді.

Олар адамдардың жасампаздық іс- терінің бәрі де жыныстық қанағатқа талпынудың көрінісі деп санайды. Фрейдшілдердің зерттеулерінде био- логиялық факторлардың бірсыпыра әдіс-тәсілдерін адамның жан дү- ниесінің сырын түсіндіруде елеулі мәні болды. Ал сондай әдістердің теориялық құрылымы ғылыми тұр- ғыдан сындарлы сынға төтеп бере алмайды. Өйткені жан дүниесінің сан қырлы сипат-ерекшеліктері жан- жақты ғылыми-зерттеулер арқылы ғана айқындала түсетін күрделі мәсе- ле болып саналады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *