ЖАН САҚТАУ

 

ЖАН САҚТАУ – тіршілік етіп өмір сүру, күнелту. Адам сан қилы әреке- ті арқылы тіршілік етуге бейімделіп, өзін сақтайды. Қажетті заттар өн- діреді, пайдасына жаратады. Ж.с. түсінігінің синонимі ретінде қолда- нылатын сөз тіркестері «жан сауға- лады», «жан сауғалаушылық», «жан саялады» дейтін ұғымдар. Жан сау- ғалау – қауіп-қатерден аулақ болып қашқалақтау, жеке басын қорғау. Жан сауғалаушылық, жан сақтаушылық, амалдап күнелтушілік. Жан саялаудың мәні де жан сауғалап қорғану әрекетін білдіреді. Психологиялық тұрғыдан Ж. с. ұғымы адамның әр алуан әрекеттері арқылы белгілі іс-қимылдарын білдіреді. Мұндай әрекеттердің физиологиялық негізі жоғары жүйке қызметіндегі қорға- ныс рефлексіне байланысты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *