ӘЛІБЕКОВ Есет Қалиұлы

ӘЛІБЕКОВ Есет Қалиұлы (15.05.1925 ж.т., қазіргі Солт. Қазақстан обл. Рузаев ауд. Мұқыр қыстағы) — әскери қайраткер, генерал-лейтенант (1978). Фрунзе (қазіргі Бішкек) жаяу әскер уч-щесін (1944), КСРО Ішкі Істер Мин-лігінің әскери ин-тын (1954), ҚазМУ-ді (1963) бітірген. 1943 жылдан Кеңес Қарулы Күштері қатарында болды. 1956 жылдан Қазақстанның азаматтық қорғаныс жүйесінде қызмет етті. Ә. республикада әскери құрылыс, әскери-патриоттық тәрбие, азаматтық қорғаныс мәселелерін дамытуға елеулі үлес қосты. “Азаматтық қорғаныс — бүкіл халықтық іс” (1976), “Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі” (1979,1988) атты кітаптары жарық көрген. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *