ЖАЛТАҚТЫҚ

ЖАЛТАҚТЫҚ – мінездегі қорқақ- тық, жасқаншақтық, жиіркенішті, тұрақсыз, құбылмалы келетін ұнам- сыз сипат. Ж. адам мінезінің жотасы деп саналатын еріктің тиісті шешім- ге келе алмай, кім болса соның елік- тіргіш сөзіне еріп кететін өзіндік тұ- рағы жоқ жалтақшылдықты да біл- діреді. Ауыспалы мағынада Ж. қор- қақтық, жалтақтықты білдіретін түсі- нік ретінде адам мінезіндегі солқыл- дақтық пен тұрақсыздықты білдіре- ді. Ондай адам өз еркін де билей ал- май әрбір нәрсені сылтау етіп жалтаңдай беретін болады. Жалтақ бо- лып, тайсақтай беру адам мінезін- дегі ұстамсыздықты білдіретін жек- көрінішті қылық, ерік-жігерсіздікті көрсететін ұнамсыз сипат. Ж.-пен күресудің тиімді әдісі артқа қарайлай бермей, алаң болмай, межелі мақсат- міндетті орындауға жан қуаттарын бағдарлау. Тайсақтамай, жан-жағына қарайлап, алаңдамай, қандай іске бол- са да батыл кірісіп, мүдделі мақса- тын орындау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *