ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ – мұнда психология ғылымының іргелі тео- риялық категориялары баяндалады. Сонау Стагерит Аристотель мен әл- Фараби, Абай Құнанбаев, Жүсіпбек Аймауытов еңбектерінде жалпы пси- хологияның мәселелері үш топқа бө- лінген.
Олар: танымдық процестер (зейін, түйсік, қабылдау, елес, ес, ойлау, сөй- леу, қиял;
екінші топ – сезім-эмоция мәселеле- рін қамтыса,
үшінші топ – ерік-жігер, қажыр-қай- рат мәселелерін баяндайды.
Ал ғылыми психологияда, әсіресе, кеңес психологиясында бұл мәселе кеңес психологтарының айтуынша жалпы психология мәселелеріне бай- ланысты 30-40 жж. Г.С.Костюк, С.Л.Ру- бинштейн, А.Н.Леонтьев, А.А.Смир- нов, Б.Г.Ананьев, Б.М.Теплов ең- бектерінде жалпы психология мәсе- лелерін сонау бір кездегі Аристотель, әл-Фараби, Абай линиясымен тү- сіндіруді қолдады. Аталған ғалым- дардың айтуынша жалпы психоло- гия психикалық құбылыстардың, дә- лірек айтсақ, таным процестеріне, сезім-эмоция, ерік-жігер процестерін бір төбе, одан соң психикалық қа- сиеттер (қызығу, темперамент, мінез, қабілет) және психикалық қалып не- месе көңіл күй ретінде үшке бөліп, оның теориялық аспектілерін, әдіс- темелік негіздерін баяндайды. Бұл принцип жалпы психологияда күні бүгінге дейін сақталып келеді. Шы- ғып жатқан сан алуан оқулықтар мен оқу құралдарында, олардың авторла- ры да осы принцип бойынша жалпы психология мәселелерін түйіндейді. Психологияның сан алуан салалары (жалпы саны 50-ге жуық) өзінің әдіснамалық бастауларын жалпы пси- хологияға негіздеп, баяндайды. Пси- хология салаларының ішінде бұл принцип жас, даму, жас ерекшелік, педагогикалық, медициналық т.б. са- лалары осы принциптің төңірегінде дүниеге келген.
Адамның танымдық процесі – сезім- дік және ақыл-ой сатылары арқылы жүзеге асады деп үйретеді. Дүние туралы алғашқы мәліметті адам се- зім мүшелері арқылы алады. Сезім мүшелерінің бастысы – көз. Халық көру мүшесі – көзді қос шамшырақ деп ерекше қастерлеген. Расында да, көрмеген нәрсенің түр-түсі, форма- сы туралы адам санасында дұрыс ұғым тумайтыны хақ. Халықтың «Көр- мегенге көсеу таң», «Көрмей білмей- сің» дейтін мақалдары осындай жайт- та туған. «Көп жасаған білмейді, көп- ті көрген біледі», «Көп жасағаннан сұ- рама, көпті көргеннен сұра» іспеттес мақалдар да осы пікірімізді онан сайын толықтыра түседі.
Мақал-мәтелдерде адам түйсіктері ақыл, ой, сезім процестерімен бай- ланыста болса ғана өз мәніне ие бо- латындығы, («Көңілдегі сырды көз біледі», «Көз көрмей, көңіл сенбес»,
«Жүректің сырын, көздің нұры паш етер»), сондай-ақ, адамның сезім мү- шелерінің тану қабілетінің шегі жоқ екендігі жөнінде де тиісті мағлұмат- тар берілген («Көз көруге тоймайды, құлақ естуге тоймайды»). Мақал- мәтелдерден танымның сезімдік жә- не ақыл-ой басқыштарының бір-бі- рімен байланысы туралы айтылған қызықты жайттарды да көптеп кез- дестіруге болады. Сыртқы дүниенің толып жатқан құбылыстарының бар- лығын тікелей сезу қиын. Дүниеде біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстар да мол. Адам есітіп- көргенін, сезіп-сипағанын ақылға са- лып өңдеп, бір-бірімен салыстыра, талдай жинақтап, жалпылай алу қа- білетіне ие болады.
Жанама, жалпылай, сатылап тану арқылы біз құбылыстардың ішкі мә- ніне, олардың бірінің себеп, екіншісі- нің салдары екендігіне, бірінің екін- шісінен туып отыратындығына көзі- міз жетеді. Мәселен, «Бой жетпеген жерге ой жетеді», «Көз көрмеген жер- ге сөз жетеді», «Көз жеткізер, көз жет- кізбегенді сөз жеткізер», деген ма- қалдарда біз жоғарыда айтқан таным процесінің негізгі екі сатысының өзара байланысы мейлінше анық та, айқын айтылған. Атап айтқанда, «Көз жеткізер, көз жеткізбегенді сөз жет- кізер» деген мақалдың мәні адамда болатын сигнал жүйелерінің болмы- сын (адам миындағы бірінші, екінші сигнал жүйелері Қ.Ж) және олар- дың арасындағы байланысты жақсы аңғартады. Халық көру мен ой, сөз арқылы танып білудің арасында елеу- лі айырмашылық бар екенін жақсы аңғара алған.
Бұл жерде «Көз жеткізер» деген сөз тек көз туралы айтылып қоймай, жал- пы мағынада, яғни сезім мүшелері арқылы танып білу жөнінде де айты- лып отыр. Көз, қүлақ, тері т.б. сезім мүшелерінің жұмысы – бірінші сиг- нал жүйесінің қызметі болып табы- лады. Ал, «сөз жеткізер» тіркесін қа- зіргі ғылыми тілмен айтатын болсақ, бұл – екінші сигнал жүйесі арқылы танып білу деген сөз. Сөз бен ой түй- сіктері арқылы тікелей бейнеленген нәрселердің ішкі мәнісін, негізгі сы- рын тереңірек ажыратуға мүмкіндік беретін өте күрделі психикалық құ- былыстар.
Ерте кездің өзінде-ақ адамдар сырт- қы ортаны тануда практиканың, тә- жірибенің, маңызы зор екенін көре білген. Таным процесінің басынан аяғына дейін, яғни тікелей пайымдау- дан абстракты ойлауға дейін іс-әре- кет, тәжірибе қосарласа жүріп оты- рады. Практика – дүниетанудың негізгі бағытын көрсетіп отыратын басты өлшем екендігін мақал-мә- телдер былайша тұжырымдайды:
«Шынайы еңбек, алғыр ой – анық досың, біліп қой», «Көп көрген – нұсқа, көп істеген – ұста», «Саусақ бірікпей ине илікпейді», «Сөзің қыс- қа болсын, қолың ұста болсын» т. б. Бұларда іс-әрекеттің арқасында ғана адам өзінің мақсатына жететіні, тек осылай еткенде ғана оның дүниені толық тани алатыны, айтылған. Адам психологиясының жетіліп, қалыптасуы бір күннің ісі емес, ол ұзақ уақытты қажет етеді, мұндай қабілет- ке кісі үнемі оқу, үздіксіз іздену ар- қылы жетеді. Мәселен, «Көргеннен көрмегенім көп, білгеннен білмеге- нім көп», «Көргенің бір тоғыз, көр- мегенің тоқсан тоғыз», «Естімеген елде көп», «Адам туа білмейді, жүре біледі», «Сөйлей-сөйлей шешен бо- ларсың, көре-көре көсем боларсың» деген мақалдардан да осы идеяны жақсы аңғарамыз. Өмірді танып бі- лу шексіз процесс.
Танымның қайнар бұлағы – қоғам- дық тарихи тәжірибе. Адам психо- логиясының, сана-сезімінің біртін- деп қалыптасуы ортаға, ұжымға тә- уелді екендігін де мақал-мәтелдер көрсете алған. Мәселен, «Жақсымен жүрсең – жақсы боларсың, жаман- мен жүрсең – жын ұрып, бақсы боларсың», «Көп жастың ішінде бір кәрі болса, бала болар; көп кәрінің ішінде бір бала болса, дана болар» т.б. осы іспеттес аталы сөздер жоға- рыда айтқан тұжырымды қуаттайды. Мақал-мәтелдер адамдарды ақыл- ой, сана-сезім жағынан екі топқа бө- леді. Біріншісі, ақыл-парасаты мол, ойлы адамдар да, екіншісі, бұған қа- рама-қарсы, істің парқына оншама бара бермейтін, оған үстіртін қарай- тындар. Халық ұғымында ақыл баға жетпес қазына. Білім, тәжірибе, тәлім- тәрбие – адам ақылының нәр ала- тын бұлақтары. Халқымыз: «Ақыл- дылар шымыр келер, ақымақтар қы- ңыр келер», «Саналы адам сағыңды сындырмас, санасыз адам жағыңды тындырмас», «Ақымақтың ақылы бі- легінде, ақылдының ақылы жүре- гінде», «Ақылды адам батпан-ақ, ақылсыз адам сасқалақ» деу арқылы ақылды адам мен ақымақ адамның психологиялық портретін, өздеріне тән ерекшеліктерін жақсы көрсеткен. Ақыл – ерен еңбектің жемісі. Ақылды болу үшін көп үйреніп, көп білу керек. Ақыл өте қымбат қасиет, оны ерекше қадір тұтқан абзал, білім мен ақыл – егіз. Аталмыш идеяны мына мақалдар да жақсы көрсетеді: «Алтын шірімейді, ақыл арымайды», «Бой жетпеген жерге ой жетеді», «Ақыл аз- байды, білім тозбайды», «Ақыл – дария, алсаң да таусылмас». Ақыл адамның, ес, жад қасиетімен де ты- ғыз байланысты. Бұлар бірінсіз бірі алысқа бара алмайды. Адамда ақыл мен естің егіз болып келуі – таптыр- майтын сапа. Сондықтан да, халық
«Ескінің бәрі естен шықпайды, жа- ңаның бәрі жайнап тұрмайды», «Бай- лауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық», «Есті ірілік көрсетпес» деп ақылды, есті адамдарды жұртқа үне- мі үлгі етіп отырған.
Тіл адамдардың бір-бірмен қарым- қатынас жасайтын құралы. Жеке адам психологиясының да, қоғамдық ой-сананың да дамып жетілуі үшін тілдің атқаратын ролі ұшан-теңіз. Тілді меңгеру, шешендік өнерге же- тілу адамға оңайлықпен келмейді. Халқымыз «Өнер алды – қызыл тіл»,
«Тіл – алмас семсер» дейді. Оны өмір- ге дұрыс пайдалана алмаса, ол адам- ның өзіне тиіп, ойсыратуы мүмкін. Мәселен, «Сүйреңдеген жаман тіл, сүйгеніңнен айырар», «Тура тілімді тия алмаймын, туғаныма сия ал- маймын», «Басқа пәле – тілден» деген мақал-мәтелдерде тіл-дің ұстарадай қылпып тұрған нәрсе екендігі, оны өте шебер пайдалана білу қажеттігі ес- ке салынады. Әрине, кез келген адамнан шешендік өнерді талап ету ар- тық; шешендік – табиғи дарынды- лық, ерінбей, жалықпай, үзбей із- денген үлкен еңбектің жемісі. Сөйлеу мәдениетіне жетілу баршамызға ор- тақ міндет. Ақылға қонымды жақсы сөздің жанға жылы тиіп, адамды небір тамаша сезімдерге бөлейтін- дігі, тек осындай шынайы сөздермен өрнектелген ой ғана әрі өткір, әрі әсерлі болатындығы белгілі. Мәсе- лен, «Жақсы сөз – жанның тыны- сы», «Жақсы адам – елдің ырысы».
«Жақсы сөз – жанға азық», «Күш жең- бегенді сөз жеңеді», «Қаһарлы сөз қамал бұзар» деген мақал-мәтелдерден сөздің адамға тигізетін әртүрлі әсе- рі, айтылған сөз адамның көңілін кө- теріп, оны шаттық сезімге бөлейтіні, сөздің шипалық қасиеті жақсы бай- қалады.
Ақылдылықтың басты белгісі – дұ- рыстап сөйлей білу. Адамның басын- да қандай ой туса да, егер ол оны лайықты сөзбен бере алмаса, ол ай- тушыға да, тыңдаушыға да түсінік- сіз, күңгірт болады. Сөйлеу мәдение- тіне жетілмейінше ақыл-ой мәдение- тіне жетілу қиын. Халқымыздың ой- ға олақ, сөзге шорқақ адамдарды үне- мі әжуалап келуі де осы мәселеге ерекше мән беруінен болса керек. Мәселен, «Сөйлей білмеген сөзді өзі- не келтіреді», «Таппасаң сөздің жү- йесін, отына өзің күйесің», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Құрғақ сөз бас ауыртар», «Қысыр сөзде қыр- сық көп» секілді мақалдарда сөйлеу өнерінен жұрдай жандар тәлкек еті- леді, жастардың сөз өнеріне жетік болуы жайлы айтылады. Тыңдаушы адамның психологиясын ескергенде ғана сөз өз объектісіне дөп тиеді, қуатты да, қаһарлы болады. Бұл жө- нінде халқымыз былай дейді: «Жүйе- лі сөз жүйесін табар», «Ойнап сөйле- сең де, ойлап сөйле», «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді». Аз сөйлеп, көп ойлау, яғни үнемі логикаға жүгі- ніп отыру да тамаша қасиет. Халқы- мыз осы жайтты да бізге қатты ес- керткен. Сондықтан да, олар: «Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын», «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар» деп түйген.
Сөйлеу мәдениетіне ерекше жетілу
шешендік өнермен тығыз байланы- сып жатады. Қазақ халқы шешендік өнерді ерекше құрметтеп, ондай өне- рі барларға төрден орын берген. Тіл- дің сырына қанық, оны дұрыс пай- далана білетін адамдар жайында ма- қалдар: «Жүзден біреу шешен, мың- нан біреу көсем»; «Шешеннің тілі – шебердің бізі»; «Шешеннің сөзі ағып тұрған балдай», деп шешендік өнер кез келген адамнан табыла бермейтін қасиет екендігін, шешендік өнерге адам өмір бойы іздену, еңбектену арқылы жететіндігін еске салады. Мә- селен, «Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, қас шешендер сөз айтар», «Шешеннің сөзі мерген, ше- бердің көзі мерген», «Көп ішінде сөйлеген – көсемдіктің белгісі; көпке сөзі ұнаған шешендіктің белгісі»,
«Шешен сөз бастар, батыр қол бас-
тар» т.б. Мақал-мәтелдерде шешен- нің сөзі қынаптан суырылған қылыш- тай өткір, соқырға таяқ ұстатқандай анық, ойға қуат, мағыналы да көр- кем, шешендік сөздің өткірлігі оның тек сырты сұлулығында емес, оның логикалық мазмұнында, шындықты жайып салып, көркем тілмен айтуын-да, дегендей салиқалы қорытынды- лар жасалады.
Қуаныш пен қайғы, ашу мен ыза, борыш пен ар-намыс, ұялу мен наз- дану адам сезімінің сан алуан түр- лері. Адамның сезім, эмоция дүниесі мақал-мәтелдерде жан-жақты сөз болған тақырып. Адам бәрінен бұ- рын ар, абырой, адалдығымен ардақ- ты, дейді халық. Адамгершілік қа- сиет ар-ұят, ождан ұғымдарымен ты- ғыз байланысты. Ар-намысты қор- ғау, адамға аса жарасымды сипат. Осындай қасиет көздеген мақсатына жетпей қоймайтын табанды адамдар- дан жиі байқалады. Өз мініне іштей күйіну, өзін әділдікпен жазғырып оты- ру, тек өз басын ғана қадір тұтпай, өзгені де қастерлеп, құрметтеу – жақ- сы адамға тән қасиет. «Тәнім жаным садағасы, жаным арым садағасы»,
«Намысты нанға сатпа», «Өлімнен ұят күшті» деп халық ар-ұятты қас- терлеу, намысқойлық – екінің, бірі- нен кездесе бермейтін қасиет, оның адамға қатты әсер етіп, санасына терең із қалдыратыны сонша («Ар- сыз қолым істеді, арлы бетім ұял- ды»; «Қолыңмен істегеніңді мой- ныңмен көтер»), мұндайда адам тіпті кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмайтын халге ұшырайды, деп өте дұрыс қорытынды жасайды. Ал, ар- сыз болсаң адам болмағаның, адам деген ардақты атқа кір келтіргенің, деп түйеді енді бірде мақал-мәтел- дер. Осындай арсыз адамдардың пси- хологиясы жөнінде халық былайша тебіренген: «Арсызда ынсап жоқ, қанша білгіш десе де халық сүймес арсызды», «Арсыз қорқақ келеді».
Адамның сезім-эмоцияларының ішін- де ерекше көзге түсетіні – көңіл. Көңіл өте нәзік. Халық: «Көңіл бір атым насыбайдан қалады», деп бекерге айтпаған. Жаны таза адамдардың кө- ңілі таза, сұлу келеді. «Көңілі ашық- тың үні ашық», «Адам құлақтан аза- ды, көңілден семіреді», «Көңілі сұ- лудың, өңі сұлу». Адамның ішкі жан сырын, көңіл күйін оның бет- пішінінен, қас-қабағынан байқауға болады. «Көз – көңілдің айнасы»,
«Көңілі соқырдың – көзі соқыр», деген халық мақалдары осы ойымызды онан сайын дәлелдей түседі. Шектен шыққан көңілшектік, не қырғи қа- бақтық та жақсы қасиет емес. Оның біріншісі – ымырашылдықтың аға- йыны болса, екіншісі кекшілдікпен үндесіп жатады. Жақсы адамға ашу- шаңдық та жараспайды. «Ашу – дұш- пан; ақыл – дос», «Ашу тасыса ақыл төгілер», деп үйретеді халқымыз. Ашу- ға жүгіну әлсіздің ісі. Бұл адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі, ал ерік-жігері күшті адам орынсыз ашушаңдыққа, ұшқалақтыққа бара бермейді. Ұстамды, ақылды адам не істесе де ойланып істейді. Мәселен, «Ашу – пышақ, ақыл – таяқ, жона берсең таусылар», «Ашулы арындайды, ақылды баяндайды»,
«Ақылдан жақын дос бар ма, ашу- дан жаман қас бар ма?», «Ұрыс ырыс- ты қашырар, ашулы баста ақыл жоқ» деген мақалдар адамға ақыл ғана дос, орынсыз күйіп-пісу ашушаңдық – жарамсыз сипат, бұл адамды орын- сыз қажытады, деп жастарды мұн- дай жаман қасиеттерден аулақ болу- ға шақырады.
Алға айқын мақсат қоя біліп, өз мі- нез-құлқын меңгере алу да жақсы қасиет. Мақал-мәтелдерде адамның ерік-жігер, қажыр-қайраты туралы азайтылмаған. Халқымыз әсіресе, са- бырлылықты ерекше қастерлеген.
«Сабыр түбі – сары алтын», «Сабыр- лы жетер мұратқа», «Сабырсыз қа- лар ұятқа», «Сабыр – ақыл серігі», т.б. Осы тәріздес мақалдарда сабырлы- лық адамның күш-жігерін құр босқа рәсуа етпей, түпкілікті мақсатына жет- кізетін ерік сапасы екендігі айтыла- ды. Сабыр – ақылдың, күшті қа- жыр-қайраттың жан серігі, сенімді көмекшісі. Сабырлы адам әркез те- рең ойланып, іс тетігін аңғара, әре- кет етеді. Нәтижелі еңбек ету, жұрт- пен дұрыс қарым-қатынас жасау, кең де, орамды ойлай алу – бәрі де сабырлылыққа соқпай кетпейді. Са- бырсыздық, жеңілтектік – әрі нашар, әрі қораш сипат. Мұндайлар туралы халық: «Ер жігітті өкіндіретін де, абыройын кетіретін де жеңілтектік»,
«Асығыс түбі – қып-қызыл шоқ»,
«Асыққанның асығы таяр», «Ойнақ- таған бота от басар», «Әр толмақта бір нарық бар, желіккен тез арық- тар», «Сабырлы ойлаған саспай жа- уап берер», «Жалықпаған жау же- ңеді», «Асықпаған арбамен қоян ала- ды», дейді. Халық даналығы қай- ратты адамдарды да жұртқа үлгі ете- ді: «Қайғыны қайратты жеңер»,
«Ерінбеген емер, қажымаған жеңер»,
«Қайратыңа әдісіңді жолдас ет», деп халық ерік-жігердің осынау тамаша сапасын жас ұрпақтың бойына мық- тап дарыту қажет екенін еске сала- ды. Бұл жерде ұлы Абайдың да ерік- жігер, қайрат-қажыр секілді сапаны ерекше қастерлеп, тебірене толғаға- ны еске түседі. Үш-ақ нәрсе адам- ның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, деп тебіренген ғой кемеңгер ақын бір кезде. Қажыр-қайраттылық пен жігерлілік – жігіт адамның тамаша сапасы болса, жі- герсіздік – барып тұрған ездік қа- сиет. Халқымыз әр кез жігерсіз жан- дарды жеріне жеткізе, шенеп-мінеп отырған. «Жасқаншақ – жасық сем- сер», «Табансыздық сөзінің тайғана- уы көп болар», «Қорғалақ жан – жар- ты жан», «Езден без», «Ердің ісі ке- ліс, ездің ісі керіс» деген мақалдарда осындай адамдардың нанымсыз ке- летіні, сөзі мен ісі бір жерден шық- пайтыны айтылады. Енді бір ма- қалдарда талапты, алдына айқын мақ- сат қойып, оны орындап отыратын адамдар жұртқа үлгі етіледі. Мәсе- лен, «Талапты өсіретін – талап», «Та- лап – талмас қанат», «Талаптың жолы тастан да ауыр», «Адам талабымен ұшады, құс қанатымен ұшады», «Та- лаптымен таласпа», «Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай», деп, талап адамның мақсатына, арманына жеткізетін не- гізгі қанаты екенін дұрыс тұжырым- дайды.
Алдағы асуға, асыл арманға ұмтылу- да қайрат, талаппен бірге тәуекел- ділік те аса қажет. Белгілі бір сәттер- де ұлы мақсат үшін тәуекелге бел байлап, жаныңды пида етуге де ту- ра келеді. «Тәуекел тау жығады»,
«Тәуекел ет те тас жұт», «Тәуекелшіл тайынбайды», дейді халқымыз. Бірақ тәуекелдің де тәуекелі бар, Құр бос- қа ұрда жық, көзсіз ерліктің адамға опа бермейтіні хақ. Ойланған, әлде- неше рет өлшенген тәуекел ғана ер жігітке жарасымды сипат («Жоспар- сыз тәуекелдің жазымы көп», «Шама- сыз батырлық – шарасыз өлім»).
Халық ұқыпты, жинақы, пысық, шы- мыр адамдарды ерекше қадір тұтқан. Мәселен, «Үш күн ерте тұрсаң бір күн пайда», «Ұқсата білген ұта- ды», «Жасыңда кішік болсаң, өскен- де пысық боласың», деген халық ма- қалдарында осындай адамның ұнам- ды жақтары айтылса, енді бір ма- қалдарда бұған қарама-қарсы адам- дар жөнінде сөз болып, халық дана- лығы олардан жұртты жирендіріп отырады. Мәселен, «Салақта сақтық жоқ», «Сылбырдың сылтауы таусыл- майды», «Шабан адам – шамшыл»,
«Бейқамдық береке бермейді», «Олақ- тан да салақ жаман», деген мақал- дар ұқыпсыз, еңбек етуге қырсыз адам- дарды келемеждейді.
Ерлік – адамның ерік-жігер қасиет- терінің ішіндегі шоқтығы биік сапа- сы. Мұның адам өміріндегі маңызын дәлелдеп жатудың қажеті де шама- лы. «Шын батыр сын үстінде таны- лар», «Батырға оқ дарымайды», «Ерлік егесте керек», «Батыл болмай батыр болмайсың» дейтін мақал-мәтелдер- де ер, батыр адамды ерекше шынық- қан, екі айтпайтын, намысшыл, хал- қы үшін, Отаны үшін шыбын жанын пида етуге даяр, нағыз сегіз қырлы, бір сырлы» адам деп сипаттайды. Халық ерлікке қарама-қарсы қорқақ- тықты жағымсыз сипат ретінде көр- сетеді. Мәселен, «Қорқақтың қолы қысқа», «Қорқақ – қашқын кісі»,
«Қылышты қорқақты сойылды ба- тыр соғып алады», қорқақтың ой-пікі- рі де, өмірге көзқарасы да күйкі ке- леді. Қара басының қамы, шыбындай жаны көзге біткен шордай, оған бас- қа нәрсені көрсетпейді. Ол үнемі үрей үстінде жүреді. «Қорыққанға қос көрінеді», «Қорыққанға құбы- жық көп» деген мақалдар қорқақтың психологиясын жақсы байқатады.Мақал-мәтелдердің бірінде, қана- ғатшыл, шыдамды, төзімді, адамдар жұртқа өнеге етілсе («Қанағат қарын тойдырар», «Арсызда нысап жоқ, арлы жемей-ақ тоқ»), екінші біреуін- де нәпсінің құлы, шыдамсыз, ашқа- рақ, қомағай адамдар келемежденіп, тәлкекке түседі. («Өзі тойса да көзі тоймайды», «Қомағайдың қолына түскен жұмыртқа кішкене көрінер»,
«Ашыққаннан құныққан жаман»,
«Көптен дәметкен аздан құр қалар»). Соңғы мақалдардан біз нысапсыз қомағай, тек өз құлқынын ғана ой- лайтын адамдардың психологиясын айқын аңғарамыз. Ынсапсыздық адамды пасықтыққа алып келеді. Па- сық адам адамгершіліктен жұрдай, моральдық нормамен санаспайды. Ол өсекке жаны құмар, өз пайдасы үшін ештеңеден тайынбайтын айлакер, сұм келеді. Халық осындайлар тура- лы «Бақастың бағы ашылмас», «Оз- быр олжа үшін өледі», «Күншіл күн- деумен өледі», «Түзде жылман, үйде сырдаң, оңбайды одан үміт қылған», деп барша жұртты мұндайлардан ау- лақ болуға шақыртып отырған.