ЖАЛАИРИ ҚАДЫРҒАЛИ ҚОСЫНҰЛЫ

ЖАЛАИРИ ҚАДЫРҒАЛИ ҚОСЫНҰЛЫ (15301605) – шежіреші- ғалым. Қ.Жалаири: «Мен дүние жү- зіндегі түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөзге қанық көпте- ген кітаптар оқыған адаммын» – дей- ді. Бізге ол жазған шежіренің (1602) екі көшірмесі мен шағын үзіндісі ға- на жеткен. Мұның бірінші бөлімін жазған кезде ол Рашид-әд-диннің әйгілі «Жамиғ-ат-тауарих» кітабын негізге алған. Кейін бұл Қ.Жалаири өзі жазған еңбек «Шежірелер жинағы» деп аталып кеткен. Мұнда түркі- монғол тайпаларының Шыңғыс пен оның ұрпақтарының тарихы баян- далған. Екінші бөлімде Орыс, Тоқ- тамыс, Темірқұтылық, Хажыгерей, Ха- жы-Мұхаммед, Әбілхайыр, Жәдігер, Ораз-Мұхаммед, Едігелердің өмірі баяндалған. Бұларда қазақ хандығы- ның құрылу алдындағы тарихи-әлеу- меттік жағдайлар мен көшпелілер- дің тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, пси- хологиясы, мақал-мәтел, нақыл сөз тү- рінде көрініс тапқан.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *