ӘЛІБЕКОВ Ғұбайдолла (1870 — 1923)

ӘЛІБЕКОВ Ғұбайдолла (1870 — 1923) — Алаш қозғалысының белсенді мүшесі, заң қызметкері. 1917 ж. көктемінде Орал обл. қазақ к-тінің төрағасы болды. Бүкілресейлік мұсылман съезіне делегат болып сайланды (1917 ж. 17 сәуір). I Жалпықазақ съезінде (Орынбор, 1917 ж. 21 — 28 шілде) Орал обл. мен Маңғыстау уезі атынан Құрылтай жиналысы депутаттығына кандидат болып бекітілді. II Жалпықазақ съезінде (Орынбор, 1917 ж. 5 — 13 желтоқсан) Алашорда автономиясын жедел жариялауға дауыс берді. 1919 ж. жазда Кеңес өкіметі жағына шықты. 1920 ж. наурыздан бастап Қазревком мүшесі. ҚазақАКСР-ын құру жөніндегі ұйымдастырушылық істерге араласып, қазақ халқының этник. терр-сын мүмкіндігінше түгелдей топтастыруға айтарлықтай үлес қосты. Кеңестердің бүкілқазақстандық құрылтай съезінде Қазақ АКСР-ы үкіметі құрамына сайланып, Қазақстанның тұңғыш Заң халкомы болды. Кейін Респ. прокуроры, 1922 — 23 ж. Орал обл. Жымпиты у. АК-нің төрағасы болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *