Мұхаммад Икбал

Мұхаммад Икбал

(1877)

Пәкістанның халық ақыны.

 

***

Өмірде мол құпия сыр, жүрегіңмен біл мұны, Мәңгі ерінбес ер еңбек табар мұны бір күні. Жер қозғалса қозғалмас, мызғымас күз болғайсың, Жалын атқанжел болып, өмірді терең толғайсың. Сонда сенің алдыңнан атады ұлы таң күліп, Нағыз өмір осындай, нағыз өмір мәңгілік!

***

Көк аспанда жарқырап Күн шұғыла төгеді, Қараңғыны қашанда жарықшұғыла жеңеді.

***

Білім деген бейнетқор пана іздейді санадан, Махаббатсыз білімді кім қажет деп санаған. Махаббатттан нұр алып, жана алмаса сол білім, Мақтан үшін айтқан сөз, бірі болар сорлының.

***

Жаның жарық болмаса, өкінтеді ол сені,

Жалған сенім жабысса, көтермессің еңсені.

***

Орман, су, күллі табиғаттан бұл өмірдің біл шынын.

***

Өзін өзі таныса,

Нағыз адам сол болар.

Өзіне өзі ие боп,

Мәңгілікке сол қалар.

***

Жеңілу де, жеңіс те- барлығы да бір сенен.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *