ӘЛІБЕК ЗІЛҚАРАҰЛЫ

ӘЛІБЕК ЗІЛҚАРАҰЛЫ (шамамен 1815 — 1876 жылдары өмір сүрген) — би, батыр. Ақан серінің өкіл әкесі.Арыстан, Біржан, Орынбай ақындармен дос болған. Әлсіздерге қорған болып, әділеттілігімен аты шыққан. Озбырлардан жапа шеккендер келіп паналаған. Ақан сері Әлібек өлгенде көпке белгілі “Қараторғай” әнін шығарған. “Арысым, ел қорғаны, батырым-ай, Айырылдым қапияда сенен неғып?! Тәңірдей сыйынатын Әлекем-ай, Жүргейсің әруағыңмен елді қорғай” деген жолдары Әлібекке арналған. Әлібектің Біржанға айтқан: “Батыр жүрегін еліне береді, жанын құдайға береді, ал намысын ешкімге бермейді”, Орынбайға айтқан “Тірілердің өлмейтін жері, өлілердің мекені — кітап” деген қанатты сөздері күні бүгінге дейін ел жадында сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *