ӘЛШЕКЕЙ БЕКТІБАЕВ

ӘЛШЕКЕЙ БЕКТІБАЕВ (1847, қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы -1932, Тәжікстан, Душанбе облысы Қорғантөбе ауданы Жуан қыстағы) — күйші. Әлшекей күйшілік өнерді нағашы атасы Рүстемнен үйренген. 1930 ж. Тәжікстанға көшіп барған. Әлшекей 50 -ден астам күй шығарған. Оларды И.Өткелбаев, Ж.Нұрмақов сияқты күйшілер кейінгі ұрпаққа жеткізген. Әлшекейдің «Тоқырау», «Нарсоққан», «Егес», «Терісқақпай», «Толқын», «Аққу кеткен», «Тепең көк», «Қара жорға», «Адасқан қаз», «Отарба», «Айшамен алты тартыс», «Төтемен тартыс», «Егілген», «Бәйге», «Тай қуу», т.б. ел арасында сақталған күйлері бар. Манап Көкенұлы осы аталған күйлердің шығу тарихын айтып, таспаға жаздырған. Әлшекейдің күйлері қазіргі домбырашылардың репертуарына енген, оркестрге түсірілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *