Нұржан (Нұрмұханбет)Наушабаев

 

Нұржан (Нұрмұханбет)Наушабаев

(1859- 1919)

 

Қостанай облысының Құттықауылында дүниеге келген. Ақынның көзі тірісінде Қазан қаласында «Манзумат қазақия» (1903), Жұмбақ. «Нұржан мен Сапарғалидың айтысы» (1908), «Алаш» (1910) атты кітаптары жарық көрген.

 

***

Білмей шалқып сөйлеуден,сөйлемей тұру бес артық.

***

Кім білер тұлпар жайын, шаба алмаса,

Ер сарсаң іздеп мақсат таба алмаса.

***

Жігітке мықты дәулет- амандығы,

Қанағат барға етпесе- жамандығы.

***

Шаппайтын алмас қылыштан, қолдағы қамшың көп артық. Суы ащы теңізден, томар да болса көл артық.

***

 

 ***

Заманында жігіт пе:

Сұлуды құшып сүймеген, жүйрікті таңдап мінбеген. Тазы қосып, құс салып, ау құрып, сұқсыр ілмеген.

***

Жамандарды дос көрме

Күнің бір түссе, теріс қарап, Қадіріңді білмеген.

***

Адасқан адам жол таппас, қырсықты жігіт мал таппас.

***

Көргенді ердің белгісі- аз сөйлер де, көп тыңдар.

***

Өзің өлсең, артыңда жоғалмайды сөз деген.

*** Ер серігі ат болар, мінген көңіл шат болар.

Жоқтығына қарамай, кей жігіттер мәрт болар.

***

Тұлпар кірмей дүбірге,

Мәстек шауып,бәйге алып, Озып жүрген заман-ай! Жүн жібекке теңеліп, Асыл барқытберендер,

Тозып жүрген заман-ай!

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *