Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы  

 

Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы

(1843-1913)

 

Ұлы композитор, әнші, ақын. Далалық мәдениеттегі сал-серілер мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Көкшетауда дүние есігін ашып, мұсылманша, орысша терең білім алған.

***

Бұл дүние баяны жоқ бір кең сарай.

***

Ерке ит ауыз жалайды.

***

Хас сұңқар тұғырында тоғыз түлер.

***

Кімнің жақын, кімнің алыс екені басыңа іс түскенде ашылады.

***

Пасықтың пиғылы лас.

***

Ит үрер жақсыға да, жаманға да.

***

Әркімнің өзіне лайық қалыбы бар.

***

Ер пайдасы тиеді сасқан жерде, Ез жаңылып етегін басқан жерде. ***

Жамандар көре алмаған қылады өсек Лайық заманындаасқан ерді.

***

Жігітті шешенсіген дауда сына,

Жігітті батырсынған жауда сына.

***

Дүние жетізбейді ойласаң да, Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да.

***

Адамға сырттан ғайбат жарамайды.

***

Ақ қаудың астығы жоқ шайнағанмен, Құртілдің пайдасы жоқ сайрағанмен. Көнбейді жаман адам ынтымаққа,

Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен.

***

Алтынды орағанменжезболмайды, Жібекті жуғанменен бөз болмайды. Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай,

Жаманның көкейінде көз болмайды.

***

Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды, Ер жігіт малсыз құлаш жаза алмайды. Бұл дүние – жұртты алдайтын бейне базар, Әр адам өз әлінше базарлайды.

***

Шын тұлпар дүбір шықса шыдамайды, Тас қылып төрт аяғын байласаң да. Жатпайды болат пышақ қын түбінде, Өтпейді жасық темірқайрасаң да.

 

***

Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас, Мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас.

***

Жалқауға – сөз, жаманға таяқ өтпес.

***

Шірімес алтын жерде жатқанменен, Оқ өтпес ажалсызға атқанменен.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *