Қашаған Күржіманұлы

Қашаған Күржіманұлы

(1841-1929)

 

Ақпа-төкпе ақын, жыршы, Түркіменстанның Ташауызқаласының маңайын мекендеген адайлар ортасында туған. Бейіті Маңғыстау өңірінің Құлат елді мекеніндегі Қырықкез деген жерде.

***

Ақ көңілдің белгісі- ырасын сөйлеп, ыржиған. Пітінә көңіл белгісі- құпия сөйлеп, құнжиған.

***

Кім жетім?

Құлдықта жүрген ер жетім, ел қонбаған жер жетім. Хакім әділ болмаса, бұқара байтақ ел жетім.

Қырға шықса- белім деп, ойға түссе- тізем деп,

Келін менен балаға, қонақ болған уақытта,

Басынан билік кеткен соң, кемпір менен шал жетім.

Ұйқы- жанның тынышы, сөз құлақтың құрышы.

***

Той- халықтың қазынасы.

*** Кей пендеде іні жоқ, інісіз жанның күні жоқ.

***

Ақыл деген- қой болса, ашу деген- көк бөрі.

***

Әділ айтсам- Аллам дос, әзіл айтсам- шайтан хош.

***

Жақсының сөзі – майсадай, жаманның сөзі – найзадай.

*** Ақыл деген – қой болса, ашу деген – көк бөрі.

*** Айы біткен айда өлер, күні біткен күнде өлер.

***

Атымтай Жомарт салған жол – Бақыт пен дәулет қонған жол.

***

Жақсы болса – ұл болар, Жаман болса – құл болар.

***

Алла айдаса, не сөз бар!

***

Қытымыр деген – қызыл ит.

***

Ақыл ойлап, пікір ет, Құдайыңа шүкір ет!

***

Шытылмасын қабағың, Толы болсын табағың.

***

Тағам жоқтан жаман жоқ.

*** Бұл өмірдің жұмағы – жігіттік шақ.

***

Бүкіл тоғай өртенер бір зәредей жасыннан.

***

Кешегі көрген бүгін жоқ – Ұшып кеткен көбелек.

*** Аш кісінің ары жоқ.

Алтыннан құйған асықтай, Күмістен құйған қасықтай.

*** Мың қарғаға – бір кесек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *