Майлықожа Сұлтанқожаұлы
(1835-1898)
Ақын, жырау, ойшыл. Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келген. Ноғайлы ханы Темірдің билерінің бірі.Алайда билеушісінің ығына жығыла бермеген.
***
Сабыр- ақылдың серігі.
***
Бақ пен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі.
***
Жақсының жолы- жарық күн.
***
Жұрттың ісі дегендежақсы қалмас тартынып.
***
Жаман қызметін асырып сөйлейді,
Жақсықызметін жасырып сөйлейді.
***
Өтірік-өсек аңдыған- есерліктің белгісі.
***
Орынсыз жерде күлу- ақылсыздықтың белгісі.
***
Көпті көрген ер жігіт көсем болар төселіп.
***
Әлемге толса көкірек- ашылар көзі сананың.
***
Басында батпан міні көп- кісі айыбын тергеген, Дәулет бітсе жаманға, сәлем берер жеңменен.
***
Ақын- елдің тұлпары, кетпейтін басы кермеден.
***
Тіл- өткір найза.
***
Әдебі жоқ жігіттен насихат айтар шал жақсы.
***
Хас жүйрікке жолықсаң, жолда қалмас жай таңдап, Қазанаттың осалы- жабы болар қиқаңдап.
***
Бақ қонады ұл таңдап, қонақ қонар үй таңдап.
Болымы жоқ бозбала, бейнеттен қашар бұлтаңдап.