Біржан сал Қожағұлұлы
(1834-1897)
Ұлы әнші- композитор, ақын.Қазіргі Ақмола облысының Еңбекшілер ауданындағы «Степняк» елді мекенінде дүниеге келген.
***
Жігітке сайран етіп жүрген артық,
Жігіттік бір кеткен соң келмес қайтып.
***
Ауылын сұлу қыздың жігіт мақтар.
***
Жігіттік бойға таққан бір гауһар тас.
***
Шешеннің сөзі шығар таңдайынан, Жұмақтың бізге мекен қандайынан. Бар болып байлар кімді асырайды, Әркімнің жазған Алла маңдайына.
***
Жігітке жарамайды ызақорлық.
***
Күлмейін, ойнамайын десем дағы, Барады өтіп дәурен бір қарамай.
***
Әр жерде сабырлы ерді тәңірім сақтар.
***
Ер жігіт дүниені көргені артық,
Дүниеде не бар-жоғын сезгені артық. Түскендей аспан жерге іс болса да,
Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық.
***
Қол берген қиын жерде жолдас артық, Бас тартқан жолдасынан болмас артық.
***
Ах, дүние! Өтеріңді біліп едім…
***
Сөйлеп қал, қызыл тілім, өлмей тұрып, Өмірің біразырақ бар ма-ай, жоқ па?
*** Дегенде біз қартайдық, біз қартайдық, Белгісі қартайғанның серттен тайдық. Кәнекей, соныменен шыққан мүйіз,
Қасына сұлулардың көп жантайдық.