Бердақ (Бердімұрат) Қарғабаев
(1827-1900)
Қарақалпақ ақыны. Қарақалпақстанның қазіргі Мойнақ ауданында, Әмударияның Арал теңізіне құяр жерінде дүниеге келген.
***
Жұмыс істе туылған соң ел үшін, Жанды аяма еліңдегі ер үшін…
***
Жақсы киім бойға жарасады,
Жақсы жолдас ойға жарасады.
***
Халқы менен ақынын бір балай біл,
Шыбын жаннан жұрты оған көп артық!
***
Қызметіңмен жетерсің сен мұратқа,
Қолдан келсе, қайырымдыны қуатта!
***
Ойлы жігіт құмар келер білімге, Сөздері де қона кетер көңілге.
Ақылсыздың айла-амалы тілінде.
***
Адам болса болсын сабыр-тағатты,
Дұшпанды пәс, досын етсін қанатты, Үйін емес, жайнатсын бар алапты
Қызмет етіп ата-ана мен халқы үшін.
***
Жақсылардың үйіне адам көп келер,
Жамандардың көзі затты жеп келер –
Жалған сөйлеп «Аға, көке», — деп келер.
***
Адамзаттың бәрі бірдей болмайды, Бір гүл солса, екінші гүл солмайды.
Жақсы жандар әдепсіздік қылмайды.
*** Ер жігітке намыс керек, ар керек,
Сұңғақ бойлы, ақыл-ойлы жар керек,
Алыс жолға шықса шыдар нар керек.
***
Мәрт азамат ел ісі үшін асығар.
***
Ер жігіттің жұртқа жәрдем-мұраты.
***
Жаман адам жұртты өзінен кем көрер, Бірақ оның осалдығын ел көрер.
***
Дүниеде бар бақытың ашылса,
Дұшпандарың аяғыңа бас ұрса,
Қол көтеріп айла-амалы таусылса, Бос қоқаңнан ізет еткен көп артық.
***
Шапшаң жүріп, жедел қызмет етпесең, Күн көрмегің қиын мұндай заманда. Ойлап, толғап мақсатыңа жетпесең, Көн көрмегің қиын мұндай заманда.
***
Ата жаудан алма қарыз-аманат, Ақырында арқаларсың жаманат.