Google қазақша сөйлейді

Гугл компаниясының дыбыстау жүйесі қазақша сөйлейді. Бұл туралы Ұлттық Аударма Бюросының басшысы Рауан Кенжеханұлы жазды. Сүйінші постында 

«Тіліміз Google аудармашының дауыс арқылы аудару қызметіне қосылды.
Бұл біздің Google-мен жүргізген 5 жылдық жұмысымыздың нәтижесі.
Ол үшін Google-ге сан мың бет аударма мәтін, қазақ тіліндегі жүздеген сағат аудио жазба, дыбысталған том-том сөздік бердік.
Google аударма қызметі — нейро жүйелер негізінде дамып келе жатқан машиналық аударманың ең ілгерісі. Сондықтан тілді сақтау және оны дамыту тұрғысынан бұл аса маңызды оқиға.
Жаңалық баршамызға құтты болсын!
Осы жобаға атсалысқан барлық әріптестерге алғыс айтамын!
Бұл бастамаға демеушілік жасаған Beeline компаниясы мен Анар Жумагулова ханымға ерекше ризашылық білдіреміз!» деп қуанышын жасырмады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *