Шортанбай Қанайұлы
(1818-1881)
Ақын. Қазақ әдебиетіндегі «Зар заман» деп аталатын кезеңнің ірі өкілдерінің бірі. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан ауданының Қаратау бойында туып, Арқадағы Қарқаралы өңірін жайлаған елде қайтыс болған.
***
Жалқаулық пен жалғыздық- жалғанның жаман тарлығы, Түнде тәтті ұйқы жоқ- қайғының асқан жарлығы.
***
Көп ішінде аз болсаң- әрнеме түсер ойыңа.
Көп ішінде жоқ болсаң- мін тағылар мойныңа.
***
Ауыл малы бұралқы ақылы жоқ жаманға.
***
Қайын болмас қабанда, тойым болмас жаманда.
***
Жолдас болсаң жақсымен-жолың жетер Қырымға, Топқа кірсең, әркіммен-таласарсың орынға.
***
Ісің түссе жаманға, қолы кетпес жағаңнан.
***
Парақорлар қызығар бір қалаштық тиынға.
***
Қайыры жоқ ас сақтап, дәмді харам шайнама.
***
Сабыр қылсаң жетерсің, құдайдың болса берері.
***
Әділ деп соны айтыңыз, тураны қисық бұрмас.
***
Жақсыны жаман көре алмас.
***
Дүние- малын сүйгендер мінбей, кимей кетеді.
***
Байлықтың алды- иман.
***
Ақыл дария білгенге.
***
Жақсымен қастаспағайсың, жаманмен достаспағайсың.
***
Өзі қылған өкінбес.