ӘЛСЕЙІТОВ Құдайберген

ӘЛСЕЙІТОВ Құдайберген (1884, қазіргі Павлодар обл. Ертіс ауд. Михайловка а. — 1933, сонда) — әнші, композитор. Аз уақыт Новосибирск обл. Татарка ауд-ндағы Химади молданың Қараобадағы медресесінде оқыды. Бірақ бар ынтасы өнерде болғандықтан медреседен қуылып, біржолата әншілікке бет бұрған. Ақмола, Көкшетау, Семей, Омбы, Новосибирск, Қызылжарды аралап ән салған. Қоянды, Қараөткел жәрмеңкелерінде ән шырқап, ат ойындарына қатысқан. Осы жылын өзі: “Атандым Құдайберген бала жастан, Өнерпаз он бесімде болдым асқан, Өлеңнің жал- құйрығын мықтап байлап, Ұстадым төртаяқтап, құтқармастан” деп әнге қосқан. Оның Үкілі Ыбыраймен кездескені, Көкшетауда қарауыл Хадиша қызбен айтысқаны белгілі. Ә-тің “Құдайбергеннің әні”, “Баласы Әлсейіттің Құдайберген”, “Құдайбергеннің термесі”, “Құдайбергеннің желдірмесі” деген шығармалары бар. Ә. шығармаларына термеге ыңғайлы жеңіл ырғақ, екпінді күш, жігер, шуақты лирика тән. Ә-тің бірнеше әні Қазақстан ҒА-ның М. Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин- тында сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *