Мәделі (Мәделіқожа)Жүсіпқожаұлы
(1816- 1888)
Қазақтың көрнекті ақындарының бірі. Қоқан және Хиуа хандықтары мен Ресей патшалығының отаршылдық әрекеттерінеқарсы қол бастаған ержүрек батыр. Сырдария өзенінің бойында Қосжарсуатта (Қазірігі ОңтүстікҚазақстан облысының Отырар ауданындағы Қожатоғай) ауылында дүниеге келген.
***
Есті кісі есермен ойнамайды,
Бойы қысқа тереңге бойламайды.
Тастама жұртқа шала көшеріңде.
***
От салма өзді-өзіңнің қамысыңа.
***
Жылқы малы тебіспейді өсерінде.
***
Ұл туса ата безер өзім деме,
Жақсыны жат, жаманды көзім деме.