ӘЛПІГҮЛ

ӘЛПІГҮЛ , ломатогониум (лат. Lomatogonium) – көкгүлдер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның таулы аймақтарының биік тау белдеулерінде, өзен-көл жағаларында мәңгі мұздар маңайында өседі. Оның карантий әлпігүл (L. carіnthіacum) және дөңгелек әлпігүл (L. rotatum)деген түрлері кездеседі. Олардың биіктігі 5 – 30 см-дей келеді. Сабақтары тықыр, жіңішке болады. Қандауыр пішіндес жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Көкшіл, кейде қоңыр жасыл гүлдері масақ гүлшоғырына топтасқан. Жемісі қорапша тәріздес. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *