ЕСТУ  ТҮЙСІКТЕРІ

ЕСТУ  ТҮЙСІКТЕРІ  –  бұл дыбыстарды түйсіну. Дыбыстар екі түр- ге бөлінеді: музыкалық дыбыстар (ән- нің  әуендері,  музыкалық аспаптардың дыбыстары) және шулы дыбыс- тар (сылдырлау, ысқырық, тарсылдау, гүрсілдеу, ұрғылау және т.б.). Дыбыс- тар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым дыбыстар тон деп аталады (немесе макродыбыстар). Музыкалық дыбыстар күрделі болып келеді, олар бірнеше тоннан тұрады. Осы тондардың бірі негізгі болып табылады және дыбыстың биіктігі мен күшін анықтайды, басқалары – қосымшалары болып саналады, олар обертон деп аталады. Обертондар белгілі бір биіктіктегі әртүрлі аспап- тардан шыққан дыбыстардың ерек- шеліктерін анықтайды. Мәселен, роялден, сыбызғыдан, гитарадан. Бұл дыбыстардың ерекшелігі тембр деп аталады. Сөйлеу дыбыстары музы- калық дыбыстардан (негізінен дауыс- тылар) және шулы дыбыстардан (не- гізінен дауыссыздар) басым келеді. Есту түйсіктерінің органы құлақ бо- лып табылады.

Ол негізінен үш бөлімнен тұрады: сыртқы, орта және ішкі құлақ. Сырт- қы құлақ құлақ қалқанынан және дыбыс жолдарынан тұрады. Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақтың арасын- да өте жұқа, бірақ күшті дыбыстарды қабылдағанда жыртылмайтын, берік дабыл жарғағы бар. Ол түрлі ауа толқындары келіп тигенде өзінше тербеліп отырады. Орта құлақ ауыз және мұрын қуысымен ерекше арна арқылы байланысқан. Ішкі құлақ бір-бірімен байланысты 3 бөлімнен тұрады: ішкі құлақтың жоғары бөлігі үш жарты дөңгелек арнаны құрайды, орта бөлігі – камерадан, төменгі бөлі- гі – улиткадан тұрады. Барлық ішкі құлақтың үш бөліктері ерекше сұйық зат эндолимфамен толықтырылған. Ішкі құлақтың негізгі бөлігі улитка болып табылады. Улитканың іш жа- ғында Кортиев органы орналасқан. Естудің мидағы орталығы бас ми қабығының маңдай бөлігінде орна- ласқан.

Есту түйсіктерінің физикалық себеп- тері денелердің дыбыстарының тер- белістерімен пайда болатын әуе тол- қындарының қозғалысы болып та- былады. Музыкалық дыбыстар тол- қындардың кезеңмен, ритмикалық қозғалыстарының нәтижесінде пайда болады, ал шулы дыбыстар толқын- дардың біркелкі емес қозғалысының негізінде іске асады.

Дыбыстың биіктігі негізгі тонның биіктігімен анықталады. Тонның биік- тігі уақыт өлшемінде дыбыстық тол- қындардың жиілігіне тәуелді. Тер- белістің жиілігі неғұрлым көп болса, соғұрлым түйсінетін дыбыс жоғары болады. Адам құлағының тонды түйсіну қабілеті бір секундына 16- 20-дан 20000-22000-ға дейінгі тербе- лістің аралығын қамтиды. Құлақ секундына 1000 тербелістегі ерекше бір дыбыстарға сезімтал келеді.

Мәселен, есту түйсігінен айырылған адамдарда діріл сезгіштігі күшті да- мыған болады, олардың ішінде кей- біреулері музыканы тыңдай алады. Бұл жағдайда олар қолдарын музы- калық аспаптың үстіне қояды неме- се арқасымен оркестрге бұрылады. Осындай принципте саусақтарының көмегімен дыбысты қабылдау жүйе- сі құрылған болатын. Дыбыстың әсе- рімен пайда болған тербелістерін айыру саңырауға саусақтарының терісімен «тыңдауға» мүмкіншілік береді. Белгілі дефектолог-ғалым Ольга Скороходованың көзі көрмейді, құлағы естімейді. Міне, осыған қарамастан, ғылыми-зерттеу жұмы- сымен айналысып, Москваның дефектология ғылыми-зерттеу инсти- тутында аға ғылыми қызметкер, пе- дагогика ғылымдарының кандидаты, бірнеше ғылыми еңбектің авторы. О.И.Скороходова «Мен қалай қор- шаған дүниені қабылдаймын және елестетемін» деп аталатын тамаша еңбегінде өзінің өмірі, көру және есіту сезімінен айырылған адамның өмірі туралы өз тәжірибесін тебірене баяндаған болатын. Сипай сезу арқы- лы қоршаған дүниені қабылдай оты- рып, ол жоғары мәдениетті адам дең- гейіне жетті.

Демек, бірнеше сезім органдары іс- тен шыққаңда, адамның миы, оның жүйке жүйесі жаңа жағдайға бейім- деледі және қалған сезім органдары күшті дами түседі. «Соқырдың кө- руі», «Саңыраудың естуі» сөз тіркес- тері бір қарағанда мағынасыз сияқты көрінгенмен, бірақ бұл олай емес. Өмірде көп кездеседі, адам көзінен немесе құлағынан айырылады, ал кей жағдайда екеуінен бірдей кеміс бола- ды. Осындай жағдайда оны қоршаған ортада бағдарлаудан, өмір сүру жә- не еңбек ету мүмкіншіліктерінен айырылды деуге бола ма? Олай емес.Басқа сау сезім органдарының сезгіш- тігін дамыту белгілі деңгейде көз бен құлақтың жұмысының орнын толтырады. Бұл туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен, көзінен айырылған адам мүсіндеу өнерімен айналысып, тамаша жетіс- тіктерге жеткен, оларда сипап сезу органдары ерекше жетілгендіктерін аңғартты.

Музыкалық шығармаларды сыбыз- ғыда орындау жоғары есту дыбысы- ның дамуын қажет етеді, ал сыбыз- ғышыларда ол пианистерге қараған- да ерекше дамыған. Мәселен, тәжі- рибелі ұшқыштар есту түйсігі арқы- лы ұшақтың двигателінің айналу са- нын өте жеңіл анықтай алады. Олар минутына 1300-ден 1340 айналым- ды еркін ажырата біледі.

Көрсетілген мысалдардан біздің түй- сіктеріміз өмір жағдайының әсері- мен дамитындығын аңғару қиын емес. Есту түйсіктері аймағында адап- тация жоғары болмайды және айрық- ша жеке-дара ауытқулармен сипатта- лады. Біздің құлақпен барлық дыбыс- тар қабылдана бермейді. Ультрады- быстар да (өте үлкен тербелісті ды- быстар), сондай-ақ инфрадыбыстар да (өте баяу тербелісті дыбыстар) біз- дің естуімізден тыс қалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *