А. С.Пушкин
(1799-1837)
Орыс халқының ұлы ақыны, жаңа орыс әдебиетінің негізін салушы.
***
Ұлы адамдардың ойларына бой ұру – өте бір қызғылықты ғылым.
***
Ішкілікке салынған адамнан қайыр жоқ.
***
Жалғыз махаббатқа
Жетпейді әннің өресі.
Махаббаттың өзі ғой. Әннің асыл төресі.
***
Махабаттың мазаққа бергісіз машақаты туралы да айту керек.
*** Кітап оқу – міне, үйренудің ең жақсы түрі.
***
Жастық – жаһандағы ұлы тылсым.
***
Шын суреткер үшін өмір бар жерде поэзия бар.
***
Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың айқын белгісі.
***
Грамаматика тілге сырттан заң шығармайды, тілдің дәстүрін түсіндіріп, орнықтырады.
***
Өткен нәрсе сүйіктіге айналар.
***
Дарын мен пайда үйлеспейтін нәрселер.
***
Біреулер өзгелерді нөлге, өзін бірге санайды.
***
Су бергің келмесе, тұздалған балықта бермегейсің.
***
Ақыр болса, шошқа табылады.