ЕСТЕ ҚАЛДЫРУ – ол арнайы ес- те қалдыру және еріксіз есте қал- дыру болып екіге бөлінеді.
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қал- дырудың арнаулы тәсілдерін пайда- ланбайды. Айналадағы өмірдің түрлі көріністері (оқиғалар мен адамдардың қимыл-әрекеті, сөзі т.б.) сол әрекет- тің ағымына қарай есте қалып оты- рады. Ал (арнайы ырықты) есте қал- дыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиісті мотивтер бо- лады. Қандай объектіні болмасын әде- йілеп есте қалдыру үшін мына төмен- дегі шарттарды орындап отыру қа- жет болады:
- Есте қалдыруда әр кез мақсат, қо- йып отыру зор маңыз алады. Оқу ма- териалын жақсы меңгеру үшін оған қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін алға айқын, анық мақсат – қойылу керек. Мәселен, оқушыларға бір әң- гіме айтып, оны үш-төрт күннен ке- йін қайта сұраса, балалардың біразы әңгіменің негізгі бөлімдерін қайта жаңғырта алмай қиналады. Ал енді осы оқушыларға екінші бір әңгіме айтып, үш-төрт күннен кейін қайтып айтып бересіңдер десе, балалардың біразы сол әңгімені ұмытпай жадын- да ұстай алады. Бұл екі тәжірибенің арасындағы айырма: соңғыда мате- риалды есте берік сақтау мақсат етіп қойылған, ал бірінші жағдайда мұн- дай анық мақсат қойылмаған еді.
- Есте қалдырудың қоғамдық, тә- жірибелік мәні адамның қажетіне де байланысты болады. Мәселен, оқу- шылар қандай бір шығарманы оқы- масын бір қажетіме керек болар деп оқитын болса, оны есте қалдыру қиын- ға соқпайды.
- Оқылатын шығарманы жоспарлай алу – есте қалдыруға көп жеңілдік келтіреді. Жоспар мүмкін болғанша анық, айқын, дәл болсын. Қалай болса солай құрыла салған жоспар есте бе- рік сақтауға негіз бола алмайды. Оқи- тын шығарманың ішінен еске тірек боларлық жерлерін іздестіріп, оны бір- неше мағыналы бөлшектерге бөлу, бөлшектің әрқайсысының мағына- сына лайықты ат ойлап табу – еске қалдыруды нәтижелі етеді.
- Мағыналы есте қалдыру дегені- міз – нәрсенің мәніне түсіну. Сон- дықтан мағыналы түсіну ойлау про- цесімен тығыз байланысты. Мате- риалды жақсы ұғынып, терең түсіну, мағыналы байланыстар жасау, ма- ңызды белгілерін анықтай алу – оны анализдей, синтездей, салыстыра, жүйелей білуді керек етеді.
- Оқып отырған шығарманың бай- ланыс, жүйелерін елестетуге, еске ті- рек боларлық ой желісін табуда схе- ма, чертеж, таблицалармен қатар, арнаулы шартты белгілер қолданы- лып отырса, есте қалдырудың сапа- сы арта түседі.
- Есте қалдырылуға тиіс шығарма- ны адам мүмкіндігінше өз сөзімен құрастырған сөйлемдермен айтып бергені абзал. Егер бала мұғалімнің айтқанын не өзінің кітаптан оқыға- нын сөзбе-сөз айтып беретін болса, мұндай жағдайда оның есі жақсар- майды.
- Оқылатын шығарманы жақсылап есте қалдыру адамның өзін-өзі тәр- биелей алуына да байланысты. Мәсе- лен, оның еңбегі жақсы ұйымдасқан болса, есте қалдыру дәрежесі де жо- ғары болады. Күндік режимге мән бермейтін, өзін көлденеңнен кез кел- ген нәрселер билеп кететін адамдар- дың есте қалдыру дәрежесі айтар- лықтай болмайды. Ондайлардың Абай айтқандай, «ой кеселдеріне» қарсы тұруға шамасы жетпейді. Абайдың түсінігінше, ой кеселді нәрселерден қашық болу – (яғни уайымсыз сал- ғырттық, ойыншы, күлкішілдік не бір қайғыға салыну) естіген нәрсені ұмыт- паудың басты шарттарының бірі.
- Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да байланысты. Әдетте оқу материалын бір қайтара оқып жат- тап алуға болмайды. Аз уақыт ішінде жиі-жиі қайталап жаттаудың да қаже- ті жоқ. Мәселен, өлеңді бірден жат- тап алса, ол тез ұмытылады, сондық- тан оны бірнеше уақытқа бөліп жат- тау қажет, бірақ арадағы үзілістер тым ұзақ болмасын. Тек көлемі шағын шығарманы тұтас күйінде жаттауға болады. Егер шығарма көлемді болса, оны бөлшектеу қажет. Бірақ қалай болса солай бөлшектемей, логикалық ой сақталатындай етіп бөлген пай- далы. Мұндайда қайталаудың саны азырақ болады да және ол есте ұзақ сақталады.
Сондай-ақ жатталған нәрсені ұмы- тып кеткен соң қайталау пайдасыз, оны ұмытпай тұрып қайталау ке- рек, өйткені «…қайталауды ескіріп, құлап бара жатқан үйді жөндеу үшін емес, үйді берік нығайта отырып, үстіне екінші қабатын салу үшін жасайды. Әрбір ілгерілеп басқан адым бұрынғы өткендерді қайталап отыруға негізделу керек». Қайталау- ды түрлендіріп отырудың, оны уақыт жөніне дұрыс құрудың маңызы жө- нінде К.Д.Ушинский былай дейді:«Бұдан бұрын жаттап алынғандарды сол күйінде аудармай, айтып берудің ешбір қажеттілігі жоқ,… ал кездей- соқ кездескенді, жаттап алғанды жаңа түрмен айту, яғни жаттап алғанды басқа сөздермен қайталап айтып беру әлдеқайда пайдалы».
Жаттаудың мнемоникалық әдісінің бірі механикалық (мағынасына тү- сінбей) – есте қалдыру. Егер мағы- налы есте қалдырудың мәнісі құбы- лыстардың, ішкі мәніне, олардың бір- бірімен байланысына түсіну болатын болса, механикалық есте қалдыруда заттар жай, сыртқы байланысқа түседі. Мұның басты шарты – қайталау. Естің бұл түрінің кей жағдайларда іске керек болып қалатын кездері бо- лады. Шетел сөздерінің жазылуы мен айтылуын, қиын сөздер мен атаулар- ды, хронологиялық даталарды, көше, жер, су аттарын, телефон нөмірлерін есте қалдыру қажет болған кезде ме- ханикалық еске қалдырып жаттаған дұрыс.