ЕРІКТІК АМАЛДЫ ТАЛДАУ –ерік қимылы адамның даму проце- сінде біртіндеп жетіліп, қалыптаса- тын күрделі процесс екендігін тө- мендегі структурасынан да жақсы көруге болады. Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік. Оқушының бұл мақсатты алдына қоюына оның мәдени қаже- ті, білім алуға тырысуы себеп (мотив) болады. Кез келген адамнан «сен не үшін оқисың?» деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті. Адам осылай өзінің келе- шекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы – тілек немесе ниет деп атайды. Тілек – келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі.
Мәселен, «газетке мақала жазсам»,
«өзенге барып шомылсам», «домбыра тартып үйренсем» т.б. деген сөйлем- дерде адамның түрлі тілегі бейне- ленген. Бұларда белгілі бір қажетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әлі де болса көмескі, яғни оның жоспары сызылмаған. Дегенмен осы секілді тілектерде еріктік амалға тән талғамалылық сипат бар. Ал тал- ғау ниетке ой әрекетінің араласуын қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежей- ді де, қажеттілерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал-айла, әдіс қарастырады.«…Тілектің алды-артын тексеріп үй- ренген адам балалықта ебедейсіз ер- келіктен, қияңқылықтан, есейгенде есерліктен аман болмақшы» (М.Жұ- мабаев). Соңғы жағдай ғана адам- ның тілегін нақтылы кесімді түрге келтіреді. «Жақсы ниет жарым ырыс» деп халық тегін айтпаған. Адамның алдындағы мақсаты осылайша ай- қындалғаннан кейін, әрекеттің орын- далу жолын қарастырады, оны жос- парлайды. Егер адам мақсат қояр кез- де өзіне «Не істеу керек?» деп сауал қоятын болса, әрекетті жоспарлау үстінде «Қалай істеу керек?», «Қандай жолдармен мақсатқа жетуге бола- ды?» деген сұрақтар қояды. Осы ара- да адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді, айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншылықтар- дың сыр-сипатын, оны жеңудің жол- дарын белгілейді. Мәселен, біреудің стол жасап алғысы келді дейік. Ол алдымен бұған қандай материалдың жарайтындығын, оны қайдан алуға болатындығын, қандай құрал-сайман керектігін, жұмыстың көлемін т.б. топшылап алады. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жасау – күр- делі процесс.
Ол – адамның белгілі білімін, өмір тәжірибесін, ойының орамдылығын қажет етеді. Мақсатқа жетудің жолда- ры белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау – мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекем- дігі. Дегенмен, тілек те, қалау да өз- дігінен адамның ерік-жігерін толық көрсете алмайды. Өйткені бұлар кей- де бір-біріне үйлесе алмай, қайшы келіп отырады. Мәселен, орта мектепті бітірген оқушы бірде педагогтық институтқа түсіп, мұғалім болып шық- қысы келеді. Ол сондай-ақ өзінің ауыл шаруашылығы маманы болға- нын да жақсы көреді.
Бұл арада оған осы екі мамандықтың біреуін қалау қажет. Ал осы маман- дықтар жөнінде толық түсінігі бол- маса, ол өз ойынан тайқақтайды, бұлардың қайсысын қалауын білмей, әуре-сарсаңға түседі. Міне, осындай жағдайда тілек пен қалаудың ара- сында үйлеспеушілік туады. Мұны психологияда мотивтер күресі деп атайды. Мұндай түрлі мотивтердің ішінен ақылға қонымдысы – нақты жағдайға тура келетін біреуі жеңеді, тек содан кейін ғана адам белгілі бір тоқтамға келе алады. Мотивтер күре- сін Н.В.Гоголь «Үйлену» комедия- сында жақсы көрсеткен. Некесі қиы- лайын деп тұрған надворный совет- ник Подколесин аяқ астында үйле- нудің тиімді-тиімсіздігін ойлап басы қатады. «Үйленбей жүрген жұрт- тың шетінен есуас екеніне көзім тек енді ғана жетіп отыр. Қыруар жұрттың, көрер көзге, адасып жүргені-ай десейші. Алда-жалда бір елге патша бола қалдым ғой, қол астымда жалғыз бойдақ қоймай, жұрттың бәрі түп-түгел үйленсін деп әмір берер едім…». Ол осы арада ойланып, ақылға салып үйленген жөн шығар, өмір бойы бойдақ болу ақылсыздық болар деген ойға келеді. Бұл оның үйлену жөніндегі бірінші мотиві.
Екінші мотив – семья бақыты. «Шы- нында ойлап тұрсам, мінеки, әне- міне дегенше, әйелді боп шыға келге- лі отырмын. Сөйтіп енді, тілмен айтып жеткізе алмайтын, тіпті айтуға лайықты сөз де табылмай- тын ертегідей бір шырын-шәрбат ләззаттың дәмін де татқалы тұр- мын». Кенеттен оның басында қа- рама-қарсы мотив туа қалады: «… Әйтсе де бажайлап, қабырғаммен кеңесе кетсем-ақ болды, тұла бойым түршігіп сала береді. Ары айт, бері айт, өмір бойы, мәңгі-бақи қол- аяғыңа күрмеу түсіп, қайтып енді тырп ете аузыңды ашып, жазып ем, жаңылып ем деуге шамаң келмесе – шаруаңның біржола біткені ғой…» Подколесин тұрағы жоқ, жағдайдың әуеніне қарай ағатын адам. Оның ойына ар-ұят, адамгершілік дегендер кіріп те шықпайды. Некесі қиыла- йын деп тұрғанда осылайша әуре- сарсаңға түсуі оның қандай адам еке- нін жақсы байқатады. «…Шынымен- ақ, тайып кетуге болмай ма екен? Әлбетте болмайды, есік алды, кез келген жерде сапырылысып жүрген жұрт, қайда барасың дейді ғой бі- реу. Жоқ, болмайды». Осы жерде ол ашық терезені көреді де осыдан қар- ғып кетсем қайтеді дейді. Жоқ бол- майды, жерден алыс екен быт-шы- тым шығар, екіншіден, терезеден қарғу лайық емес, үшіншіден, қал- пақсыз қалай қарғымақпын, лайық емес деп тұрып алады. Оның қалпа- ғын досы Кочкарев тығып қойған. Ол ақырында: терезе онша биік емес екен, қалпақсыз қарғуға да болар деп көшеге қарай қарғып кетеді.
Белгілі көзқарасы мен сенімі қалып- тасқан адамда мотивтер күресі онша байқалмайды. Олар көбінесе жеке бастың мотивінен гөрі қоғамдық мә- ні бар мотивтерді (борыш сезімі, нәр- сенің қоғамға қажеттілігін түсіну) басшылыққа алып отырады. Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер күресі, тоқтамға келу – бәрі жина- лып еріктік қимылдың «даярлық кезеңі» деп аталады. Еріктік амал- дың ең негізгі кезеңі – қандай болма- сын тоқтамды орындау стадиясы. Өзі- нің қандай болмасын тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын кісіні ға- на еркі нағыз жетілген адам деп ай- туға болады.
Талай жақсы тоқтамдардың жүзеге аспай, орындалмай қалатындары да кездесіп отырады. Бұлай болудың себебі орындалуы қиын мақсатты алға қоюдан, мақсаттың айқын бол- мауынан, әлі де болса өмірге дұрыс көзқарастың қалыптаспауынан, өз ісіне сенімсіздіктен, мақсат еткен нәр- сеңді жан-тәніңмен сүймеуден т.б. себептерден болады.
Сондықтан адам өзінің алдына ша- масы келетін, күші жететін, орындай алатын мақсаттарды қойып, осы жол- да түрлі қиыншылықтарды жеңіп оты- руы тиіс. Белгілі мінез-құлықтық принципі бар, өз ісінің дұрыстығына көзі жеткен адам ғана нақтылы тоқ- тамға келе алып, оны қалай да орын- даудың тиімді жолдарын таба алады, бұл жолда орынсыз солқылдақтық, табансыздық көрсетпейді. Кейбір адам- дар өзінің алдына көмескі, бұлдыр мақсат қояды да, ой таразысына жақ- сылап салмайды, сөйтіп оны орындай алмай қалады. Ерекше ой жұмысын керек етпейтін жеңіл мақсатты алға қою да адамдық еркін енжар, әлсіз етіп жіберуі мүмкін. Сондықтан бел- гілі ерік күшін талап ететін, тиісті жұ- мыстар істеу нәтижесінде қол жете- тін мақсаттарды ғана алға қоюымыз қажет. Еріктік амалдың негізгі ке- зеңдерін төмендегі схема арқылы көруге болады: Ерікті амал-дайын- дық кезеңі-мақсат қою-тілек-қалау- мотивтер күресі-тоқтамға келу-орын- дау кезеңі.