ЕРІК ТУРАЛЫ  ТЕОРИЯЛАР

ЕРІК ТУРАЛЫ  ТЕОРИЯЛАР. Психологияның өзіндік гуманитар- лық, адамзаттық ерекшелік мәселеле- ріне жалпы қызығушылықтың тууы- на байланысты соңғы жылдары ерік меселесіне де ерекше көңіл бөлу бай- қалады. Бір кезде, ХVІII-ХІХ ға- сырлардың өзінде бұл проблема пси- хологиялық зерттеулерде ең негіз- гі мәселелердің бірі болды. XX ға- сырдың бас кезінде жалпы тоқырау- ға байланысты психология ғылы- мында ерік мәселесі кейінгі орынға ығыстырылады. Ол көптеген проб- лемалардың ішінде ең қиын жағдай- ды басынан кешірді, оны жаңа әдіс- намалық негізде қарастыру және ше- шу қажет болды. Оны толықтай жоқ- қа шығару, оның жағымды жақтарын ескермеу мүмкін емес еді, себебі ерік адам өмірінде орны ерекше атқара- тын психикалық құбылыстардың қатарына жататындығын дәлелдей берудің қажеті болмас.

Осы себепке байланысты XX ға- сырдың басында және содан кейінгі онжылдықтарда ерікті зерттеу жал- ғасты, шынында, өте белсенді емес, өзін-өзі бақылаудың негізгі әдісі ре- тінде жүргізілді. Бірақ ерік үрдістері- нің жалпы зерттелу жағдайының қанағаттанғысыз жүргізілуі салда- рынан өткен ғасырдың алғашқы он жылдықтарында осы ұғымнан жал- пы бас тартуға ұмтылды, оны қан- дай да болмасын басқа, демек, бақы- лау және бағалауға болатын мінез- құлық сапаларымен ауыстыру көз- делді. Мысалы, Американың мінез- құлық психологиясында ерік ұғы- мының орнына «мінез-құлықтың табандылығы» ұғымын қолдана бастады. Қазіргі кезде ерік туралы психологиялық зерттеулер әртүрлі ғылыми бағыттар арасында бөлінген болатын: бихевиористік бағыттағы психологияда мінез-құлықтың сәйкес- ті түрлері зерттелуде. Көптеген ға- лымдар ерік туралы ілімді қайта жандандыру, оған құбылыс ретінде бірігушілік сипат беру үшін бағыттал- ған қадамдар жасауда. Кеңестік ке- зеңде ерік туралы психологиялық зерттеулерде бұл проблемаға ерекше мән берген В.А.Иванников адам мі- незін реттеуде екі бір-біріне қарама- қарсы тұжырымдамалардың күресін жатқызады: реактивті және активті. Бірінші тұжырымдама бойынша, адамның барлық мінез-құлқы әртүр- лі ішкі және сыртқы стимулдарға негізінен жауап болып табылады, оны ғылыми зерттеудің міндеті осы стимулдарды іздестіре отырып, оның реакцияларымен байланысын анық- тауға алып келеді. Адамзат мінезін осылай түсіндіру үшін еріктің қаже- ті жоқ. Рефлекс оның дәстүрлі түсі- нігінде әруақытта да белгілі бір стимул- ға реакция ретінде қарастырылады.

Екінші тұжырымдама бойынша бұл соңғы жылдары күш алып, әрі оны жақтаушылар бірте-бірте арта түсу- де, адамның мінез-құлқы белсенді, ал оның түрлері саналы таңдауға берілген қабілеттілік ретінде қарастырылады. Мінез-құлықты осылай түсіну үшін ерік және еріктілікті реттеу қажет. Ол тек психологияның бұ- рынғы атын қайтаруды талап етпей- ді, сонымен қатар адамзат мінез-құл- қын ғылыми зерттеулерде ерік проб- лемасына лайықты көңіл бөлуді қа- жет деп есептейді. Жоғары жүйке қыз- метінің жаңа физиологиясында көр- некті ғалым-физиологтар Н.А.Берн- штейн мен П.К.Анохин бұл көзқарас- ты орынды бекітеді және жараты- лыстану жағынан қолдайды. Бұл тұрғыдан үлкен үміт қазіргі сана психологиясына және когнитивтік психологияға, адам психикасын экс- перименттік зерттеулердің жаңа әдіс- намасы мен әдістеріне жүктеледі. Ерік- жігер іс-әрекеттерінің табиғатына, соған сәйкес адамның мінез-құлқы- на жаңаша қарау туралы талпыныс- тар да баршылық. Еріктің белсенділі- гіне байланысты оған жаңа, қазір- гіше анықтама беру туралы айты- лады. Мінез-құлықты ерікті реттеу санамен байланысты, мінез-құлық- тың алғашқы түрткісін күшейтуге немесе бәсеңсітуге қабілетті. Осын- дай түрткінің күшеюі мен бәсеңсуі орындалатын әрекеттің тұлғалық мә- нінің өзгеруі арқылы іске асады. Балаларда еріктің дамуы олардың адамгершілік түрткілер саласының дамуымен және баюымен тығыз бай- ланысты.

Адамның белсенділігі, жауапкерші- лігі, ұйымшылдығы, тәртіптілігі сияқ- ты қасиеттері дәстүрлі түрде әруа- қытта да жеке тұлғаның еріктік са- паларына жатады. Сонымен, ерік мәселесі қазіргі кезде жаңа, өзекті, практикалық мәнге ие болуда, демек, осы мәселенің теориялық негіздеріне деген қызығушылықтың күшейіп отырғандығын аңғаруға болады. Ерік ұғымы – психологиядағы ертеде қа- лыптасқан ұғымдардың бірі. Соңғы онжылдықтарда ерік ұғымының болашақ тағдыры туралы мәселе тал- қылана бастады: Ескерте кетуіміз ке- рек, кеңес психологтарының арқа- сында ерікті түсінуде біршама ғылы- ми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ерік проблемасына қызығушылық және оның құлдырауы психология- лық мектептер мен бағыттардың жал- пы тұжырымдамасымен тығыз бай- ланысты. Белгілі бір ерікті зерттеу жұ- мыстарында бірінші орынға субъект- тің белсенділігі проблемасы қойыл- ды, екінші бағыттағы зерттеулерде мі- нез-құлықтың «реактивтік» тұжы- рымдамалары басым болды. Міне, осы себептерге байланысты көптеген шетел бихевиористік бағыттарды түсіндіреді. Психологиядағы ұғым- дардың жүйесіне ерік ұғымын енгізу неге қажет болды? Аристотель оны психологияға енгізгендегі мақсаты адамның мінез-құлқы қалай іске асатындығын түсіндіру еді.

Декарттың жүйесінде ерік адамның кез келген әрекетін тудыру үшін қа- тысады және шын мәнінде қазіргі психологияда түрткінің орнын ала- ды. Өткен ғасырдың 20-жылдары- ның аяғына дейін көптеген ғалымдар еріктен адамның белсенділігінің бас- тамасын көрген болатын. Мінез-құ- лық себептілігі мәселесі еріктің ер- кіндігі үшін негізгі мәселе ретінде философтардың, психологтардың және физиологтардың еңбектерінде өз дамуын жалғастырды, олардың бірлескен күш-жігерімен адам мен жануарлардың мінез-құлқының негізгі детерминизм қағидасы анықталды және мінез-құлықты ерікті таңдау мәселесін шешудің ғылыми негізде- рін ұсынды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *