ЕРІК – адамның мінез-құлқын мең- геру қабілеті. Ол мақсат қоюдан басталады. Е. – қимылдарының ал- ғашқы көріністерінің бірі тілек. Ол келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мәселен, «газетке мақала жазсақ»,
«өзенге барып шомылсам», «домбыра тартып үйренсем», т.б. деген сөйлеу- де адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бір қажетті өтеу көз- делген, бірақ оны орындау жолдары әлі де болса көмескі, яғни оның нақ- ты жоспары сызылмаған. Тілекте еріктік амалға тән, аздап талғамалы- лық сипат бар.
Е. – актісінің келесі бір буыны қалау. Бұл мақсаттың айқындығын, санаға жеткізетін нақты жоспарлардың жа- салуын, ойдың бекілгендігін білді- реді, бірақ тілек те, қалау да ерік қа- сиетін толық көрсете алмайды. Өйтке- ні бұлар кейде бір-біріне үйлесе ал- май, біріншісі екіншісіне қайшы келеді. Адам ылғида шамасы келе- тін, күші жететін мақсатты қойып, осы жолда кездесетін ішкі кедергі- лер – жалқаулық, адам өзіне жұмыс істеу қиынға соғатын, алдында тұр- ған міндетке ешқандай қатысы жоқ басқа бірдеңелермен шұғылдануға құштарлық ететін, белгіленген мәсе- лелерді орындауға кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен туатын жат әдеттер сияқты кедергілер жата- ды (төсектен тұрғың келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін тұру керек), сыртқы кедергілер деп сол істің объек- тивтік қиындықтарын, оның күрде- лілігін, әрқилы бөгеттерді, басқа адам- дардың қарсылықтарын жұмыс жағдайындағы шынайы қиыншы- лықтарды т.б. есептейді, ол (біреудің қарсылығы, жағдай болмау т.б.) қиыншылықты жеңіп отыру қажет. Белгілі дүниетанымы мен сенімі, мі- нез-құлқының принципі бар, өз ісінің дұрыстығына көзі жететін адам ғана дұрыс тоқтамға келе алып, оны қайт- кен күнде де орындау жолын таба- ды. Кейбіреулер өзінің алдына кө- мескі мақсат қояды да, сөйтіп мақ- сатын орындай алмай қалады. Ал ой жұмысын керек етпейтін жеңіл мақсатта, адамның еркін енжар, әлсіз етуі мүмкін. Еріктік амалдың ең шешуші кезеңі мақсаттың орында- луы. Адамның ерік сапалары сан алуан. Олардың ұнамды жанға жара- сымды түрлерімен қатар нашар жақ- тары аз кездеспейді.
Еріктің негізгі функциялары: мотив- тер мен мақсаттарды таңдау; іс-әре- кет мотивациясы жеткіліксіз не басы артық болғанда іс-әрекетке деген ниет; ынтаны реттеу, психикалық үрдістер- ді адам атқаратын іс-әрекетке бара- бар жүйе етіп ұйымдастыру; қойылған мақсаттарға жетуде кедергілер- ден өтетіндей жағдаятқа жұмылдыру. Іс-әрекеттер мен психикалық үрдіс- терді өзінің саналы шешімдеріне ба- ғындырып, реттеу мүмкіндігі де ерік- тің болуымен түсіндіріледі, бұл да адамның іс-әрекетінде табандылық, шешімділік, ұстамдылық, батылдық және т.б. қасиеттердің көрінуі сияқты. Еріктік реттеуді талап ететін барлық жағдаяттардың сан алуандығын (ке- дергілерді жеңу, болашақ қамында- ғы іс-әрекет, түрткілер қақтығысы, әлеуметтік нормаларға бағыну тала- бы мен адамның қалаулары арасын- дағы кереғарлық т.с.с.) келесі үш шынайылыққа сай болады:
- іс-қимыл мотивациясы жеткілікті болмағанда оған деген ынта-ниет ол- қылығын толтыру;
- өзара қақтығысы болғандай жағ- дайда іс-қимылдың түрткілерін, мақ- саттарын, түрлерін таңдау;
- сыртқы және ішкі іс-қимылдар мен психикалық үрдістерді ырықты реттеу.
Еріктік акт – адамның өзін-өзі бел- сенді түрде реттеуі мен ынталанды- руы. Ерікті психологияда арнайы зерттейтін сала Е. психологиясы адам- ның өз мінез-құлқын, қылықтарын, жүріс-тұрыстарын саналы түрде иге- ре алу мүмкіндіктерін қарастырады. Е.п. мақсатты қимыл-қозғалыстар- да кездесетін кедергілер мен қиын- шылықтарды жеңу механизмдері мен заңдылықтарын зерттейді, сонымен бірге әрбір жеке адамның ерікті іс- әрекеттерінің өзіндік сипатын тал- дайды.
Е.п. еріктің келесі амал-кезеңдерін- де талдайды
- мақсат және оған жетуге ұмтылу;
- мақсатқа жету мүмкіндіктерін түсіну;
- ниет, тілектердің пайда болуы;
- ниеттер тартысы және оның бірін қалау;
- тоқтамға келу үшін мүмкіндіктер- дің бірін қалау;
- тоқтамға келген шешімді орындау.