ЕҢБЕК ПСИХОЛОГИЯСЫ – еңбек қарекетінің нақты нысандары- ның және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының пси- хологиялық заңдылықтарын зерт- тейтін психология ғылымының са- ласы. Еңбек психологиясының объек- тісі – индивидтің өндірістік жағдай- ларындағы және оның жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайындағы әрекеті. Қазіргі заманғы Е.п. өндіру және тұтыну деген ажырамас екі цикл бо- лады, адам оларда кезекпен және тәуелсіз түрде әуелі өндіруші, одан кейін тұтынушы ретінде көрінеді деген түсініктерден бас тартты. Ең- бек психологиясының тұрғысынан индивидтің жұмыс уақыты мен бос уақыты еңбек және жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайларымен тығыз байланысты.
Е.п-ның негіздері медицинаның, физиологияның, техниканың, социо- логия мен саяси экономиканың ық- пал-әсерімен қалыптасты. Қайсыбір пәннің еңбекті жетілдіру мәселеле- рін шешуге қатыстырылуы үшін бас- тау-негіз мынадай қағиданың таны- луы болды: еңбектің ұйымдастыры- луы оның өнімділігін еңбекті қар- қындатудан гөрі көбірек арттырады, ал жұмыскерге жұмсалатын (оның білім алуына, медициналық қызмет- пен қамтуға, тұрғын үй-тұрмыстық және экологиялық жағдайларын жақ- сартуға) экономикалық шығындар өндіріс саласындағы пайда түрінде қайтады. Бұл орайда, әрбір пән еңбек психологиясын дамытуға, оның мін- деттерін тұжырымдауға өз үлесін қос- ты. Е.п-ның өз алдына ғылыми пән ретінде қалыптасуының бастамасы деп Г.Мюнстербергтің «Психология және өндіріс тиімділігі» (1913) және
«Психотехника негіздері» (1914) ат- ты еңбектерінің шығуын есептеу қа- былданған. Еңбекті зерттеуге И.М.Се- ченов өз үлесін қосты.
Осы арқылы еңбекті ұтымды ұйым- дастыру және еңбек қарекетін жо- балау мәселелері зерттеле бастады. Алайда еңбек психологиясының эк- лектикалықтан арылып, өзінің пәнін саралап алуына дейін ұзақ уақыт өтті. Еңбекті зерттеудің инженерлік психология, авиациялық және ға- рыштық психология, эргономика, басқару психологиясы секілді жаңа бағыттары қалыптасты. Е.п-ның қа- зіргі уақыттағы басты-басты міндет- тері өндірістік қатынастарды жетілдіру, еңбектің сапасын жақсарту, апат- тық жағдаяттарға жол бермеу, еңбек ұжымының (тобының) психология- лық кейпін анықтап, реттелуге ба- ғыттау т.б. Еңбек (бейнет, қам) пси- хологияда іс-әрекеттің түрі ретінде сипатталады. Е. – адам тіршілігіндегі бірінші қажеттілік.
Сондықтан, қоғамдағы тәлім-тәрбие- нің өзекті мәселесі – адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даяр- лау – жалпы гуманистік тәрбиенің түп- кі мақсаты. Е. – адамның іс-әрекеті- нің негізгі түрі және барлық материал- дық игіліктерді өндірудің қайнар көзі.