ӘЛПЕНШЕК (лат. Rhododendron)

ӘЛПЕНШЕК (лат. Rhododendron) — көкбұта тұқымдасына жататын бұталы өсімдік. Еуразия, Солтүстік Америка елдерінде таулы, орманды жерлерде кездеседі. Бұталарының биіктігі 2 — 6 м, түсі сарғыш-қоңыр, не қара-қоңыр, ал жас бұталары жасыл келеді. Жапырақтары қалыңдау, ұзынша, түкті. Гүлдері ірі, ақ сары, қызыл, қызғылт түсті болады, ал күлтесі қызыл болып ашылады. Олар шатырша гүлшоғырынатопталған. Қазақстанда әлпеншек тек қана гүл шаруашылықтарында, ботаникалық бақтарда өсіріледі. Әлпеншек қалемшелеу әдісімен көктем-жаз айларында, арнаулы жылыжай, көшетханада көбейтіледі. Өсіп шыққан жас көшеттерді жәшіктерге, кейіннен қыш құмыраларға отырғызады. Олардың күтімі жақсы болса, 1 — 2 жылдан кейін гүлдей бастайды. Әлпеншек — сәндік өсімдік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *