ДІН ПСИХОЛОГИЯСЫ – діни сананың ерекшеліктеріне, құрылы- мы мен функцияларына негіз бола- тын психологиялық және әлеумет- тік-психологиялық факторларды зерттейтін психологая ғылымының саласы. Д.п. XIX ғасырдың аяғында – XX ғасырдың басында пайда болды және діни сананың құдай (рух), жұ- мақ, тозақ, күнә және т.б. ұғымдар- ды қамтитын мазмұны туралы, сон- дай-ақ намаз, дұға, жалбарыну және басқа да парыздарды атқару кезін- дегі адамның эмоциялық күйі мен сезімдері туралы едәуір материал жинақталды. Д.п-да әртүрлі теория- лық-әдістемелік тұрғаларға негіздел- ген бірнеше ағым бар. Қазіргі Д.п. жалпы және әлеуметтік психология- ның, әлеуметтанудың, этнография мен дін тарихының теориялық ере- желері мен әдістемелерін пайдала- нады. Д.п-ның заңдылықтарын, да- муы мен өз функцияларын атқа- руын зерттеу мына бағыттарда жүр- гізіледі: 1) Д.п.-ның жалпы теория- сы діни сананың мазмұны мен құ- рылымын, діни сезімдерге тән сипат- ты ерекшеліктерді, тұлға мен қо- ғамның рухани өміріндегі діннің пси- хологиялық функцияларын зерт- тейді; 2) дифференциалдық психо- логия нақты әлеуметтік орта мен тарихи дәуірді ескере отырып, дін ұс- танатындардың діни сана-сезімі мен сезімдерін қарастырады; 3) діни топтардың психологиясы діни қа- уымдастықтардың әлеуметтік-психологиялық құрылымын, олардың қарым-қатынас, еліктеу, иландыру, нұсқамалар механизмдерін, дінге сенушілердің санасына, сезіміне және мінез-құлқына әсер-ықпалын зерт- тейді; 4) діни табынушылық психо- логиясы діни ғұрыптардың адам пси- хикасына әсер-ықпалын зерделейді;
5) атеистік тәрбиенің педагогикалық психологиясы атеистік дүниетаным- ды қалыптастырудың принципте- рін талдап белгілейді.