ДУЛАТОВ  МІРЖАҚЫП

ДУЛАТОВ  МІРЖАҚЫП (1885-1935) – екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетiм қалған ол 1897 жылы Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, оның 1902 жылы бітіріп шыққаннан кейін алты-жеті жылдай ауылда бала оқытады. Кейін- нен Омбы, Қарқаралы қалаларын ара- лайды, Петербургте шығатын «Сер- ке» газетінде «Жастарға» (1907) де- ген өлеңін бастырады. 1909 жылы Уфада «Оян, қазақты», содан соң Қазандағы ағайынды Кәрімовтар бас- пасынан «Бақытсыз Жамал» рома- нын бастырып шығарады. «Айқап- қа» түрлі тақырыптар төңірегінде (оқу-ағарту, мәдениет, тіл, т.б.) үзбей мақала жазып тұрады. Осы жылдары А.Байтұрсыновпен бірлесіп «Қазақ» газетін шығаруға ат салысады. Қазан төңкерісіне дейін, сондай-ақ Кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет түр- меге жабылады. Оның Алаш өкіметі мен  партиясының басшыларының бірі болғаны белгілі. Ол 1920 жыл- дардан бастап жаңа өкіметке де аян- бай қызмет істейді. («Ақ жол» газеті, облыстық сот, т.б.), 1922-26 жылдары Орынбордағы Қазақ ағарту институ- тында оқытушы болады. 1922 жылы екі бөлімнен тұратын «Есеп құра- лын», 1924 жылы «Қирағат» кітабын, қазақ кітаптарының библиография- лық көрсеткішін бастырады. 1928 жылғы зобалаңда бір топ қазақ оқы- ғандарымен бірге тұтқынға алынып, ату жазасына кесіледі, онысын кейін- нен 10 жыл абақтыда қамаумен ал- мастырады. 1935 жылы тұтқында жүріп, Балтық каналының бойын- дағы Сосновец деген жерде қайтыс болады. 1988 жылы Республика Жо- ғары сотының коллегиясы қылмыс құрамы болмағандықтан оны біржо- лата ақтайды.

Әмбебап ағартушының артына қал- дырған рухани мұрасында кешегі көшпелі қазақ елінің әдет-ғұрпы, дәстүр-салты, жол-жоралғысы, тә- лім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесі, өзіне тән этикалық, эстетикалық ұнам- талғамдары ұлттық колоритке толы сан алуан нақты деректермен безен- діріле  баяндалған.  Осы тұрғыдан

«Оян, қазақ» атты туындысының ор- ны бөлек. Ұстазы Ы.Алтынсарин- ның оқу-ағарту мәселесіне байланыс- ты идеяларының әрмен қарай дамы- та келіп, ол да А.Байтұрсынов сияқты, оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұр- ғыдан қарауға, атап айтқанда оқыту- дың жаңа әдіс-тәсілдеріне, шәкірт- тердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми-дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән береді. Бұл айтылғандар- ды  оның  «Мұғалімдерге»  атты мақаласынан (1914), «Қирағат» кіта- бына жазған алғы сөзінен жақсы байқауға болады: «балаларды, – деп жазды ол, – оқыту өз алдына бір ғылым. Ғылым – педагогика… Мектеп программасында бірінші орын алған нәрсе – қирағат, баяндап оқыту… Қирағаттың мақсатын түсінбеген мұ- ғалім үміт еткен пайданы бере ал- майды… Жас балаларды оқыған нәр- сесі хақында ойлануға, оның мағы- насын, қасиетін сездіруге қалай үй- ретпек керек? Балаларды оқыған нәр- сесін бір-біріне ұйқастырып ойла- нуына, оқып шыққаннан кейін жа- дында ретті һәм толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіру керек. Ол орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушин- ский айтқандай, оқу-тәрбие проце- сіне (жазу, сызу, есептеу, оқу, т.б.) шә- кірттердің сезім мүшелерін (көз, құ- лақ және т.б.) түгелдей қатыстырып отыру қажеттігін орынды аңғарып, мұны тәлімгерлердің жадына салу- ды ойластырады. Осыған орай ол былай деп жазды: «Әр бір жазылған сөз – жазушының сезімімен, естуі- мен, көруімен (табиғаттан һәм адам- ның тұрмысынан) шыққан нәрсе».

Табиғатынан тәлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арасында көбінде көзге түспей, түссе де еленбей жүр- ген ғылым-білімге, өнерге, зерек, дарынды балаларды оқытып-тәрбие- леудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір табиғи ас- тарларына үңіледі. Осы жәйт автор- дың мына төмендегі түйіндеуінен жақсы аңғарылып тұр: «Туысында қанша зеректік болса да, – деп жаз- ды М.Дулатов, – ғылымсыз, тәрбие- сіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатына не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана көзге көрінеді… Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның іш- кі сырын, мінезін, әдетін бұлжыт- пай көрсете біледі, оқығанын да кө- ріп тұрғандай боласың…».

Халқымыз егемендік пен тәуелсіз- дікке ие болып жатқан кезде жас өрендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп, есі кіріп болғанға де- йінгі аралықта ана тілінің уызына жарытып қана қоймай, олардың ұлт- тық рухпен, дәстүр-салт, әдет-ғұрып- тан мейлінше сусындауына ерекше көңіл аударуымыз қажет. Бұл жөнін- де ол мектепке зор міндет жүктеле- тіні  жәйлі  жеріне  жеткізе айтқан:

«Бастауыш мектепте алған тәрбие- нің, – деп жазды ол, – әсерлі, күшті, сіңімды болуы, қай халықтың мек- тебінде болса да, оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғаттан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсатына муафик үйретуден, осылай біліп баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, кере- кті мағлұмат алып шығады. Мұндай балалар бастауыш мектепті бітiр- геннен кейін қай жұрттың мектеп, медресесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрсе де сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өз- герістер көрсе де, ұлт ұлы болып қа- лады. Оқудағы мақсат жалғыз құр- ғақ білім үйрету емес, біліммен бір- ге жақсы тәрбиені қоса беру…» М.Дулатовтың психология ғылымы- ның  оқу-тәрбие  процесінде алатын орны жайлы айтқандары осы айтыл- ғандармен шектелмейді. Бұлар арна- улы зерттеуді қажет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *