ДОСМҰХАМЕДОВ ХАЛЕЛ (1883-1939) – Ол қазіргі Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы, Қызылқоға ауда- нында дүниеге келген. Алдымен ауыл молдасынан хат таниды, кейіннен жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқи- ды. Одан соң Орал қаласындағы училищеге оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң Петербургтегі Әскери- медициналық академияда оқиды, оны алтын медальмен бітіріп шығады. Академияда Х.Досмұхамедов дүние жүзі физиологтарының ақсақалы, шарт- ты рефлекстер туралы әйгілі ілімнің авторы, академик И.П.Павловтың лекцияларын тыңдайды. Кейінірек ұлы ғалымның дәрісін тыңдаған екінші қазақ зиялысы – профессор С.Асфендияров еді.
Сол жылдары Ресейде болған бур- жуазиялық-демократиялық төңкеріс- ті өз көзімен көріп, оның мәнісін тү- сіне бастауы Халелдің идеялық жа- ғынан шыңдала түсуіне зор ықпал етеді. Патшалық империяның қа- зақ халқын аяусыз қанап, тонап отыр- ғанына оның көзі жете бастайды. 1909 жылы Академияны бітірген соң әуе- лі Пермь губерниясына, кейіннен 22 – Орал қазақ-орыс атқыштар батальонда әскери кіші дәрігер болып қыз- мет істейді.
1917 жылдан бастап Алашорда өкі- метінің басшылық жұмысына белсе- не араласады. Оның Қазан төңкері- сіне дейiнгі осы іс-әрекетін бетіне шіркеу қылып, есімін атамай келге- німіз белгілі. Алайда, оның ісі Рес- публика Жоғарғы сотының 1958 жыл- ғы ақпанындағы шешімімен қайта қа- ралып, толық ақталды. Кеңес өкіметі жылдарында ол халық ағарту инсти- тутында оқытушы, Орта Азия универ- ситетінде ординатор қызметін атқа- рады, ал 1924 жылы Ресей акаде- миясының Орталық өлкетану бюро- сының корреспондент-мүшесі болып сайланады.
1926 жылы Қазақ педагогика инсти- тутының проректоры, кейіннен пе- дология кафедрасының меңгерушісі, профессор қызметін (1929) атқара жүріп, бұған қоса Қазақ АССР Ден- саулық сақтау халық комиссариа- тында жоспарлау-ұйымдастыру бас- қармасының меңгерушісі болып іс- тейді. Сол жылдары ұлттық мектеп- тердің жаңа жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жа- сау ісіне, ұлт тілінде журнал шыға- руға белсене кіріседі. Тарих, әдебиет, тіл ғылымдарына қатысты іргелі про- блемалармен («Қазақ халық әдебие- ті», «Қазақ-қырғыз тіліндегі син- гармонизм заңы», «Кенесары – Нау- рызбай», «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы туралы қысқаша мағлұ- мат», т.б.) айналысады. Осы жылда- ры оның қаламынан «Адамның тән тірлігі» (1927), «Сүйектілер туралы» (1928), «Жануарлар» (1928) атты еңбектер туындайды. Х.Досмұхамедов еңбектерінде психологияның жекелеген салалары (әлеуметтік, этнос- тық, т.б.) төңірегінде айтқан сындар- лы пікірлер жиі кездеседі. Мәселен, оның 1925 жылы жазған «Аламан» атты мақаласынан этнопсихология- ға қатысты бірсыдырғы ғылыми тү- йіндерді аңғару қиын емес.
Ол бұрынғы қазақ елінде «аламандық» деп аталатын ешкімге бағына қой- майтын, бәсекешіл топтың жиі кез- десетіндігін сөз етеді. Қазіргі ғылым тілімен айтсақ – бұл бір-бірімен ке- лісімге келе бермейтін биресми топ. Автор түсінігінде аламандық ру мен- мендiгінің бір сипаты. Аламандық қазақ мінезінің анадайдан бадыра- йып, бесенеден байқалып тұратын көрінісі. Бұл жеке адамға да, сондай-ақ жекелеген топтарға да тән құбылыс. Х.Досмұхамедовтың аламандықты ру психологиясының ерекшелігінен туындайды деуі өте орынды. Ғылым- да ру (род), тайпа (племя), халық (народ), ұлт (нация) ұғымдарының психологиялық ерекшеліктері бар еке- ні көптен айтылып жүр. Бұл жөнін- де психологтар мен философтардың, этнографтар мен антропологтардың да көзқарастары бір-біріне тоқайла- сып жатады. Ру – гендік ерекшелік- теріне, туыстық қарым-қатынаста- рына орай бірлескен аталас, ауылдас адамдардың тобы. Бұрынғы кезде бір рулы ел жекелеген территорияны, бір ауылды мекендеген. Оның басында сол ауылға, елге беделді, сөзін жұртқа тыңдата алатын ақсақалдар болған. Кей жағдайларда ру басшылығына беделді аналар да енген. Ру – бұл тарихи-этнографиялық ұғым. Қазақ тарихындағы рулық болмысты ғы- лым жоққа шығармайды. Қазақ хал- қы өзінің саяси-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайына қарай XV ғасырдан бермен қарай үш жүзге бөлiнiп келеді. Бұлардың әрқайсы- сында ірі-ірі елуден астам ру-тайпа- лар тап бар. Олардың әрқайсысының көсемдері (ру басы), өзiндiк рәмізде- рі (таңбалары) болғандығы да тарих- тан мәлім. Ал «рушылдық» деген тағылымның психологиялық астары басқаша. Егер ру белгілі жүздің, ай- мақтың, территория жағынан отан- дасқан, қауымдастық бірлігі болса, рушылдық – бұл объективтік жағдай- ларды ескермей, субъективтік фак- торларды, яғни жеке бір рудың ғана мүддесін көздейтін, соның тыныс- тіршілігін есепке алып отыратын құ- былыс. Еуропа елдеріне қарағанда Азия халықтарында рушылдық құ- былыстық жиі кездесетіні байқала- ды. Өйткені рулық психологияның өріс алуына, кейбір қоғамдық мәнді факторлардың кенжелеп дамуы, бы- тыраңқылықтың зардаптары, бір ор- талыққа бағынған біртұтас мемлекет- тің болмауы, т.б. осындай факторлар әсер етеді.
Автордың халықтың тіршілік салты, жаугершілік мінезі, орталықтанған мемлекеттік құрылыстың болмауы, қазақ даласына аламандықты алып келді деген қағидасы ғылымилығы жағынан дәлелді. Сондай-ақ, оның
«сананы салт туғызады», «ақсақал- шылдық – рудың ақылгөйі, басшысы» деген пікірлері де көкейге қонымды түйіндер. Оның қазақ қоғамының саяси әлеуметтік жағдайының өзге- руімен әлеуметтік мінезі де, аламан- дығының мән-мағынасы да өзгеріп отырады дейтін қисыны, бұлармен қатар «әлеуметшілік» (социализация) дейтін ұғымға берген анықтамасы да, «аламандық бар жерде әлеуметші- лік бола алмайды, әлеуметшіліксіз қазақта ұлт тiршiлiгi, ұлт мемлекеті болуы мүмкін емес» деуі де ғылы- милығы жағынан терең тұжырым.
Халелдің психологияның әр жақты мәселелері мен байланысты айтқан басқа пікірлері де мазмұны жағынан терең. «Адамның табиғаттағы бір мі- незі, – дейді ол, – ойын-сауық қуып, қызықтап кетуі. Ойнамайтын адам жоқ. Күлмеген адам – адам емес. Салтымызға, тұрмысымызға қарай тү- зелуге елімізде көп ойындар бар.
«Халықтың құлқы, мінезі, ойы, – дей- ді автор, өз пікірін әрмен қарай жал- ғастырып, – заманындағы әдебиеті- нен білінеді. Әдебиет – халықтың түрлі қимылдарының айнасы… Осы әдебиетті тексеріп отырсақ, қазақтың өткендегі құлқы, мінезі, заманында- ғы күйiнiшi, сүйініші, арасында бол- ған түрлі әлеуметтік қимылдары анық сезіледі… Бұрынғы әдебиетпен та- нысқанда қазақтың бойына біткен мінездің бірнеше түрі орасан ады- райып тұр».
Ғұлама ғалымның психологиялық тұрғыдан ерекше назар аудартар ен- дігі бір түйіні – ұлттық психология- ның қалыптасуына қоғамдық орта- ның, әсіресе ондағы әлеуметтік тәр- биенің ықпалы жайлы мәселе. «Ұлт мемлекетін жасап, – деп жазды ол, – қазақ арасынан әлеуметшілікті туғы- замыз деген дәуірде тұрмыз. Жаңа әлеуметшілікті тура жолмен жасау үшін елдің бұрынғы, соңғы әлеумет мінездерін тексеру керек… Әлеу- метшіліксіз қазақта ұлт тіршiлігі, ұлт мемлекеті болуы мүмкін емес. Қазақ әлеуметшілігінің өткенін жөндеп тү- сініп, әзіргі қалпын анық көріп, кемісін болжай білу… – оқыған зиялыла- рымызды мінеді… Оңды әлеуметші- лік құру үшін елдің өткен-кеткен тұр- мысын, бұрынғы болған әлеумет қи- мылдарын тану керек».
Бұл түйіндерден оның ұлт (этнос) психологиясының іргелі мәселелері- нің ерекше көңіл аударғанын бай- қаймыз. Оның физиология мен пси- хологияның көптеген терминдік атауларын төл тілімізде сонау жиыр- масыншы жылдардың өзінде-ақ ірік- теп, құрастырғаны белгілі болып отыр. Мәселен, оның «жүйке жүйесі» (нервная система), «жүйке талы» (не- рвная волокна), «жүйке орталығы» (нервный центр), «жүйке түйіні» (нервный узел), «ерік» (воля), «сана» (сознание), «бырқыл» (лабиринт),
«мишық» (мозжечок), «қозу» (воз- буждение), т.б. осы іспеттес көптеген ғылыми атаулары күні бүгінге дейін өзгеріске түспей қолданып келеді.
Х.Досмұхамедұлы тіл, сөйлеу – адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін ерекше атап өтеді. «Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт. Мектеп пен бала- ның тілі дұрыс болса, елдің тілін көр- кейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл – шатасқан тіл. Ол ел – сорлы ел, мұн- дай елдің тілі бұзылмай қалмайды… Ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесең – ол күйініш. Ана тілін жақ- сы біліп тұрып, жақсы сөйлесу бұл сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беруі зор қате», – дейді.